"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 428 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Комитеттің заңды мекенжайы: пошта индексі 001000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.";

      17-тармақта:

      міндеттерінде:

      97), 98) және 99) тармақшалар алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      1-бөлім. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтөбе қаласының Астана ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтөбе қаласының Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бәйтерек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.";

      93-тармақ алып тасталсын;

      207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "207. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтай қаласы – Алтай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.";

      235-тармақ алып тасталсын;

      2-бөлім. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер тізбесінде:

      1-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е.Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Бірінші орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады