Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 16-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары:
1) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгерістердің енгізілгені туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір ай мерзімі ішінде хабарландырсын;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментін екі ай мерзімі ішінде ақпараттандырсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 464 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 397 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10010 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қаңтарда жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Бурабай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Бурабай, Бұланды аудандары және Біржан сал ауданы;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Целиноград аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Целиноград, Ерейментау, Аршалы және Қорғалжын аудандары;";
8) тармақша алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 22 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10771 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 сәуірде жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы бұйрығына:
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Лисаков қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы - Лисаков қаласы, Бейімбет Майлин ауданы және Денисов ауданы;".
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 28 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11022 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Мұнайлы аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Мұнайлы және Маңғыстау аудандары.".
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12265 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қарашада жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Алматы аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы;
2) Есіл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы;
3) Сарыарқа аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданы;
4) Байқоңыр аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Департаменттің Нұр-Сұлтан қаласы шегіндегі негізгі мақсаттары:";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіруге қатысу;";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде Нұр-Сұлтан қаласы аумағында мынадай функцияларды жүзеге асырады:";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризм мен экстремизмге, өзге де іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады, мемлекеттік органдардың терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында терроризмге қарсы операцияларды өткізуді ұйымдастырады;";
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы шетел мемлекеттері өкiлдiктерiнiң және халықаралық ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа да құзыреттi органдармен өзара iс-қимылда шаралар қолданады;";
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аумағында құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды;";
15-тармақтың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы шетел мемлекеттері өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа да құзыретті органдармен өзара іс-қимылда шаралар қолданады;
9) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасына келуі барысында шетел мемлекеттері басшыларының, үкіметтерінің және халықаралық ұйым жетекшілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүргізілетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шараларға қатысады;".
5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 81 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12262 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қазанда жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Байқоңыр қалалық басқармасы, қызмет көрсету аймағы: Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай кенттері;
2) Арал аудандық бөлімшесі, қызмет көрсету аймағы: Арал ауданы;".
6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 82 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12253 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қарашада жарияланған):
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Алтай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алтай ауданы және Қатон-Қарағай ауданы;".