"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Дәленов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдегі № 189 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті (бұдан әрі - Комитет) - тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау және реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет Төрағасының бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу:
1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
3) экономикалық шоғырлануды реттеу;
4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру.
14. Функциялары:
мыналарды:
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды;
мемлекеттік монополия субъектілерінің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
2) Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу, өзгерту және (немесе) мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз беру;
3) бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу және тауар нарықтарының жұмыс iстеуi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi келісу;
4) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алу және оны жою;
5) мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;
6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты және мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
7) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексмен белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ сотқа қатысу;
8) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9) экономикалық шоғырлануға келісім алу туралы өтінішхатты қарау;
10) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;
11) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері мен келісілген әрекеттерінің, жосықсыз бәсекелестіктің, нарық субъектілерінің экономикалық қызметін үйлестірудің, сондай-ақ Кодексте тыйым салынған тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілері мен сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруінің алдын алу және жолын кесу;
12) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты тарату және адал бәсекелестікті насихаттау;
13) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауды жүзеге асыру;
14) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды анықтау;
15) нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша Кодексте белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізу;
16) өз құзыреті шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы құқық қорғау органдарына жүгіну;
17) жекелеген тауар нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйі және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі қабылданған шаралар туралы жылдық есепті дайындау, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
18) мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстарды және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін жаңартып отыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
19) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында жүргізілетін мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, өзінің қызметі туралы мәліметтерді өзінің интернет-ресурсына орналастыру;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай құруға келісім беру;
21) мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беру;
22) мемлекеттік монополия субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
23) нарық субъектілеріне орындалуы міндетті нұсқамалар шығару;
24) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;
25) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберу;
26) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамада белгіленген жағдайларда құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат пен басқа да мониторингілер деректерін ұсыну;
27) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру бойынша процестік әрекеттерге және іс-шараларға қатысу үшін өз қызметкерлерін сарапшылар ретінде жіберу;
28) мыналардың:
экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың;
мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және олармен үлестес тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың нысандарын белгілеу және айқындау;
29) монополияға қарсы органның келісімімен құрылған мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның және олармен үлестес тұлғалардың тізбесін тіркеу органдарына ұсыну;
30) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жіберу;
31) нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны жіберу;
32) нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі тұрғысынан қарау қағидаларын әзірлеу;
33) нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі тұрғысынан қарау;
34) нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін әзірлеу;
35) нарық субъектісі (нарық субъектілері) жіберетін монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісіне сәйкестігін белгілеу;
36) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге құпия бар ақпаратты қоспағанда, тауар нарықтарындағы бәсекелестік жай-күйінің талдауын өзінің интернет-ресурсына орналастыру;
37) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпаратты, монополияға қарсы органның шешімін өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
38) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрау және алу;
39) Комитеттің құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;
41) реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және орындауға қатысу;
42) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
43) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
44) сауда немесе ақпараттық жүйелерде, тауар биржаларында және тауарларды немесе сауда-саттықты электрондық сатып алудың өзге де сауда алаңдарында тауарларды және сауда-саттықты өткізу мониторингін жүзеге асыру;
45) аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекіту;
46) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
47) Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
15. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;
5) қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші, алқалы органдар құру;
6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
7) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға беру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетке басшылық етуді төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Төрағаның өкілеттіктері:
1) Комитеттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) жауапты хатшыға аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының кандидатураларын тағайындауға ұсынады;
3) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Төраға қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
12. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
13. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
16. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
17. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.