"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 07 қарашадағы № 616 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2020 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 346 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      "Жұмылдыру жұмысы басқармасы-05" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"Жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс басқармасы-05 Жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, С-3 санаты, 05-01

Өлшем шарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, міндетті түрде мемлекеттік құпияға рұқсаттың, жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы немесе мемлекеттік құпияларды қорғау немесе азаматтық қорғаныс саласында дайындық немесе біліктілігін арттыру сертификаттарының болуы, сондай-ақ республиканың денсаулық сақтау жүйесінде жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы немесе азаматтық қорғаныс саласында тиісті тәжірибесі мен жұмыс өтілінің болуы

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы, 2012 жылғы 13 ақпанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарын, 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16-с Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Денсаулық сақтау басқармалары мен ұйымдарының қызметкерлеріне жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Саланың жұмылдыру жоспарын, азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеуге, жұмылдыру резервін броннан шығару жөніндегі іс-шараларды өткізуге, жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша кеңестерге, семинарларға және жұмыс топтарының жиналыстары мен отырыстарының жұмысына, архивке құжаттарды тапсыруға, сақтау мерзімі өткен құжаттарды жою үшін дайындауға қатысу.

Жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (екі бірлік), 05-02, 05-03

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, міндетті түрде мемлекеттік құпияға рұқсаттың, жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы немесе мемлекеттік құпияларды қорғау немесе азаматтық қорғаныс саласында дайындық немесе біліктілігін арттыру сертификаттарының болуы, сондай-ақ республиканың денсаулық сақтау жүйесінде жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы немесе азаматтық қорғаныс саласында тиісті тәжірибесі мен жұмыс өтілінің болуы

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы, 2012 жылғы 13 ақпанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарын, 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16-с Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Денсаулық сақтау басқармалары мен ұйымдарының қызметкерлеріне жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Саланың жұмылдыру жоспарын, азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеуге, жұмылдыру резервін броннан шығару жөніндегі іс-шараларды өткізуге, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша кеңестерге, семинарларға және жұмыс топтарының жиналыстары мен отырыстарының жұмысына, архивке құжаттарды тапсыруға, сақтау мерзімі өткен құжаттарды жою үшін дайындауға қатысу.

      ";

      "Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы-06" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жеке қауіпсіздік департаменті - 06 Жеке қауіпсіздік департаментінің директоры, С-1 санаты, 06-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Техникалық ғылымдар және технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе құқық (халықаралық құқық, кеден ісі, құқықтану, құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.
Жедел іздестіру және арнайы іс-шараларды өткізу дағдыларының болуы

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу, жедел іздестіру және ақпараттық қауіпсіздік қызметіндегі тәжірибесінің болуы.

Функционалдық міндеттері

Жеке қауіпсіздік департаментінің жұмысына жалпы басшылықты, Департаментке келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, олардың сапалы және уақтылы орындалуына талдау жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің қызметін үйлестіруге қатысады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді; ведомстволық бағынысты ұйымдардың жеке және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, құзыреті шегінде бірлескен халықаралық жобаларды әзірлеуге және іске асыруды үйлестіруге қатысады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг басқармасы - 06-01 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг басқармасының басшысы, С-3 санаты, 06-01-01

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Техникалық ғылымдар және технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе құқық (халықаралық құқық, кеден ісі, құқықтану, құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.
Жедел іздестіру және арнайы іс-шараларды өткізу дағдыларының болуы

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу, жедел іздестіру және ақпараттық қауіпсіздік қызметінде тәжірибесі

Функционалдық міндеттері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі басқармасының жұмысына жалпы басшылықты, басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, олардың сапалы және уақтылы орындалуына талдау жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің қызметін үйлестіруге қатысады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді; ведомстволық бағынысты ұйымдардың жеке және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, өз құзыреті шегінде бірлескен халықаралық жобаларды әзірлеуге және іске асыруды үйлестіруге қатысады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг басқармасының бас сарапшысы, (екі бірлік), С-4 санаты, 06-01-02, 06-01-03

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Техникалық ғылымдар және технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе құқық (халықаралық құқық, кеден ісі, құқықтану, құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу, жедел іздестіру қызметіндегі тәжірибесі

Функционалдық міндеттері

Басқарма құзыретінің шегінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын, басқа да құжаттарды әзірлеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысады; Басқарма құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг саласындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.

Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы - 06-02 Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы, С-3 санаты, 06-02-01

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Техникалық ғылымдар және технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының жұмысына жалпы басшылықты, басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, олардың сапалы және уақтылы орындалуына талдау жүргізеді, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің қызметін үйлестіруге қатысады, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді; "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің қызметін үйлестіреді; ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды әзірлеуге және үйлестіруге қатысады.

Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, (бір бірлік), С-4 санаты, 06-02-02

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Техникалық ғылымдар және технологиялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Басқарманың құзыреті шегінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын, басқа да құжаттарды әзірлеуге, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысады; Ақпараттық ресурстарды қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады; Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, ақпараттық сүйемелдеу және жұмыс істеу, бағдарламалық қамтамасыз ету кезінде ақапараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздік саласында шарттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.

      ";

      "Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті-08" деген бөлімде:

      Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, С-1 санаты, 08-1 біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану), немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Мүмкіндігінше қоғамдық денсаулық сақтау, экономика немесе іскерлік әкімшілендіру бойынша магистр дәрежесінің болуы.

      ";

      Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 08-2 және Стратегиялық жоспарлау және талдау басқармасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің 08-01 біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

      ";

      "Мониторинг және өңірлік даму басқармасының бас сарапшысы (төрт бірлік), С-4 санаты, 08-02-02, 08-02-03, 08-02-04, 08-02-05" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мониторинг және өңірлік даму басқармасының бас сарапшысы (үш бірлік), С-4 санаты, 08-02-02, 08-02-03, 08-02-04";

      Жұртшылықпен байланыс департаментінің біліктілік талаптары мынадай мазмұндағы біліктілік талаптармен толықтырылсын:

"Жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары - Өтініштермен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы, С-2 санаты, 09-3

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі, халықаралық қатынастар) немесе білім (қазақ тілі мен әдебиеті) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Кәсіби біліктілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Өз өкілеттіктері шеңберінде Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, ведомствомен және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіреді, орындаушылық тәртіп жағдайын, актілер мен Мемлекет басшысы, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет және Парламент берген тапсырмалардың, депутаттық сауалдарды, Министрліктің басшылығы тапсырмаларының тиісті және уақтылы орындалуын бақылауды ұйымдастыру, орындаушылық тәртіп, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу бөлігінде Министрліктің қызметін бағалау бойынша материалдар дайындайды.

Өтініштермен жұмысты ұйымдастыру қызметі-09-04

Өтініштермен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бас сарапшысы ( екі бірлік), С-4 санаты, 09-04-01, 09-04-02

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Құжат айналымының электрондық бағдарламасында (ЭҚАБЖ) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді, компьютерлік және өзге де өңдеуді жүзеге асыру, оларды есепке алу, Министрліктің басшылығына, құрылымдық бөлімшелеріне бөлу және жеткізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысына күн сайынғы мониторинг жүргізеді, өтініштерге белгіленген мерзімде жауап беруді (орналастыруды) бақылайды, өтініштерді қарау барысы мен нәтижелері туралы мәліметтерді жинақтайды, өтініштерді қарау бойынша орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы басшылықты жүйелі түрде хабардар етеді, Министрліктің басшылығына, жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдарға кеңестерге ақпарат дайындайды, Министрлік басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесін жасау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, материалдарды қорыту, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау нәтижелері бойынша басшылықтың тапсырмаларының орындалуын бақылайды, Президенттің, Үкіметтің және


Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындайды, Қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарайды.

      ";

      "Жұртшылықпен байланыс департаменті – 09" деген бөлімде:

      "Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасының бас сарапшысы (үш бірлік), С-4 санаты, 09-02-02, 09-02-03, 09-02-04 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасының бас сарапшысы (екі бірлік), С-4 санаты, 09-02-02, 09-02-03";

      "Бұқаралық ақпараттық құралдармен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы, (екі бірлік), С-4 санаты, 09-03-02, 09-03-03" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұқаралық ақпараттық құралдармен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы, (бір бірлік), С-4 санаты, 09-03-02";

      "Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті - 10" деген бөлімде:

      Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасарлары С-2 санаты, 10-2, 10-03 біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын:

"Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 10-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің, денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қызметті үйлестіру. МСАК жөніндегі жобалық офис. Республикалық ауқымдағы бұқаралық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Ауруларды басқару бағдарламасын, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін енгізуді үйлестіру.
Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, санитариялық авиация, зертханалық диагностика, қан қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша қызметті үйлестіру.
Ведомстволық медицина бойынша ҚР ІІМ, ҚР ҚМ-мен өзара іс-қимыл.
Босандыру мен бала қызметін үйлестіру.
Ана мен нәресте өлімін төмендету жөніндегі республикалық штабтың жұмысын ұйымдастыру. Педиатриялық көмек көрсету, МСАК ұйымдарында педиатриялық учаскілерді ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру.
Тиімді перинаталдық технологияларды, емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарын БШАЫЕ енгізуге мониторинг жүргізу.
Директор орынбасарының лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 10-3

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің немесе денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша қызметті үйлестіру.
Бес нозология бойынша Үйлестіру кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру, терапия және хирургия, оның ішінде спорттық медицина бойынша 28 бейінді қызметтің жұмысын үйлестіру. Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, трансплантологияны дамыту, шетелге емделуге жіберу, иондаушы радиацияның азаматтардың денсаулығына әсерін айқындау мәселелері.
ҰОС қатысушыларына қызмет көрсетуге жетекшілік ету.
Онкологиялық қызметті, онкология жөніндегі жобалық офисті үйлестіру. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша мәселелерге жетекшілік ету, МӘМСҮД-пен өзара іс-қимыл жасау.
Департаменттің құзыреті шеңберінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің жобасын әзірлеу мен келісуге қатысу.
Департамент директоры орынбасарының лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      ";

      Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасарының, С-2 санаты, 10-4 және Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасының-10-04 біліктілік талаптары алып тасталсын;

      "Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының сарапшысы, (екі бірлік), С-5 санаты, 10-03-04, 10-03-05" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының сарапшысы, (бір бірлік), С-5 санаты, 10-03-04";

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті – 11" деген бөлімде:

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді үйлестіру басқармасының -11-01 әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

      ";

      "Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті-12" деген бөлімде:

      "Медициналық қызметтерді стандарттау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (үш бірлік), 12-02-02, 12-02-03, 12-02-04" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық қызметтерді стандарттау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (екі бірлік), 12-02-02, 12-02-03";

      "Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті – 13" деген бөлімде:

      "Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 13-2" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 13-2

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, гигиена және эпидемиология) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Департаменттің өкілеттігі шеңберінде Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жалпы үйлестіру. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асыру. Департаменттің құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, денсаулық сақтау саласында стратегиялық құжаттарды және операциялық жоспарларды, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуге және дайындауға жетекшілік ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің қоғамдық денсалуық сақтау мәселелері бойынша стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша Департамент қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жұмысына жетекшілік ету, Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді орындау.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің, Министрліктің Қоғамдық кеңесінің, Стратегиялық комитетінің, Қазақстан Республикасындағы халықты иммундау жөніндегі консультациялық комиссияның жұмысын ұйымдастыруға қатысу.
Жария ету деңгейінде қоғамдық денсаулық сақтау, отбасы және гендерлік саясат, аурулардың, мінез-құлық қауіп факторларының, құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, адамдарды сату профилактикасы мәселелерін, медициналық статистика саласының, халықтың нысаналы топтарының профилактикалық және скринингтік қарап тексеру жүргізу тәртібі, динамикалық байқау, ұрпақты болу денсаулығын сақтау, жасөспірімдер жүктілігінің профилактикасы, отбасын жоспарлау, мектеп медицинасы, азаматтардың жекелеген санаттарын (мектеп оқушылары, жастар және басқалар) қоғамдық денсаулығын сақтау, аурулардың профилактикасы мәселелерін үйлестіру.

      ";

      "Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 13-3" деген жол алып тасталсын,

      "Аурулардың профилактикасы басқармасының сарапшысы (екі бірлік), С-5 санаты, 13-02-03, 13-02-04" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аурулардың профилактикасы басқармасының сарапшысы (бір бірлік), С-5 санаты, 13-02-03";

      "Ғылым және адами ресурстар департаменті-14" деген бөлімде:

      Медициналық білім беру басқармасы-14-01 әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (педиатрия, жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, химия) немесе білім (орыс тілі және әдебиет, шет тілі: екі шет тілі, биология, химия) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы

      ";

      Мейіргер ісін дамыту басқармасы-14-03 әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (педиатрия, жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, химия) немесе білім (орыс тілі және әдебиет, шет тілі: екі шет тілі, биология, химия) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы

      ";

      "Инвестициялық саясат департаменті – 15" деген бөлімде:

      Инвестициялық саясат департаментінің директоры, С-1 санаты, 15-1, Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 15-3 біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, әлемдік экономика, жобаларды басқару, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялардың өндірісі) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      "

      Медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету басқармасы- 15-03 әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, фармация), немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

      ";

      "Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті-16" деген бөлімде:

      Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры С-1 санаты, 16-1 және Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 16-2 біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе білім беру (математика, физика, информатика) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика, физика) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

      ";

      Ақпараттандыру саясаты басқармасы–16-03 әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), немесе әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттар қауіпсіздігі жүйелері), немесе білім (математика) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      ";

      "Қаржы департаменті – 17" деген бөлімде:

      Бухгалтерлік есеп және жиынтық есептілік басқармасының сарапшысы, (бір бірлік), С-5 санаты, 17-03-06 біліктілік талаптары алып тасталсын;

      мына мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "

Медициналық-әлеуметтік көмек департаменті- 22 Медициналық-әлеуметтік көмек департаментінің директоры, С-1 санаты, 22-1

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің, денсаулық сақтауды ұйымдастыру немесе мамандығы бойынша біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, құжат айналымының электрондық жүйелерімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Департаменттің жұмысына жалпы жетекшілік ету, үйлестіру, жоспарлау. Әлеуметтік мәні бар аурулар және халыққа медициналық оңалту, паллиативтік көмек, санаторийлік-курорттық емдеу және геронтология, орфандық аурулар бойынша медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіру.
Әлеуметтік мәні бар аурулар және медициналық оңалту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, Министрлік алқаларына материалдарды, үкіметтік құжаттардың жобаларын, Денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнаманы дайындалуға бақылауды жүзеге асыру, олардың3 түпкілікті редакциясы. Қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау. Жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша дәрілік заттардың қажеттілігін қалыптастыруға қатысу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының жұмысына қатысу.

Медициналық оңалту басқармасы, 22-01 Медициналық оңалту басқармасының басшысы, С-3 санаты, 22-01-01

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтауды ұйымдастыру немесе мамандығы бойынша біліктілік санатының болуы

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, құжат айналымының электрондық жүйелерімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Медициналық оңалтуды көрсету мәселелеріне жетекшілік ету, медициналық көрсетілетін қызметтер тізбесін қалыптастыру, медициналық оңалту мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарларын қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлеу, бейініне қарай халықтың медициналық оңалтуға қажеттілігін айқындау. Денсаулық сақтау саласындағы мүгедектерді медициналық оңалту, санаторийлік-курорттық емдеу бойынша іс-шараларды іске асыру. Басқарма құзыреті шеңберінде диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларының, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарының, сондай-ақ медициналық оңалту, санаторийлік-курорттық емдеу көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру стандарттарының жобаларын келісу. Медициналық оңалтуды, санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Медициналық оңалту басқармасының бас сарапшысы, (үш бірлік), С-4 санаты, 22-01-02, 22-02-03, 22-02-04

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтауды ұйымдастыру немесе мамандығы бойынша біліктілік санатының және біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, құжат айналымының электрондық жүйелерімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Медициналық оңалту және қалпына келтіру емі, медициналық оңалтумен әлеуметтік оңалту және педагогикалық түзетуді біріктіру мәселелеріне жетекшілік ету. Медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларды әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде медициналық оңалтуды, санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.
Құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қатысу, оңалту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының жұмысына қатысу.

Медициналық оңалту басқармасының сарапшысы (бір бірлік), С-5 санаты, 22-01-05

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтауды ұйымдастырушының бейіні бойынша немесе мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, құжат айналымының электрондық жүйелерімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімі бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық жабдықтардың тізбесін айқындауға қатысу
ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.
Медициналық оңалту, санаторийлік-курорттық емдеу мәселелері бойынша жетекшілік ететін штаттан тыс бас мамандармен жұмыс.
Әлеуметтік-әдістемелік оңалту және педагогикалық түзетуде біріктірілген тәсіл мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл. Басқарманың құзыреті шеңберінде келісуге ұсынылған денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу.
Санаторийлік-курорттық ем көрсететін денсаулық сақтауды ұйымдарының мәселелеріне жетекшілік ету.

Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасы, 22-02 Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасының басшысы, С-3 санаты, 22-02-01

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтауды ұйымдастыру немесе мамандығы бойынша біліктілік санатының немесе қоғамдық денсаулық сақтау магистрі немесе біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, құжат айналымының электрондық жүйелерімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Әлеуметтік мәні бар және орфандық аурулар кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету мәселелері, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау, емдеу, оңалту мәселелерін курациялау, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде клиникалық хаттамаларды келісу. Медициналық көмекті және бейінді қызметтердің қызметін ұйымдастыру бойынша талдау материалдарын дайындау.

Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (үш бірлік), 22-02-02, 22-02-03, 22-02-04

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтауды ұйымдастыру немесе мамандығы бойынша біліктілік санатының болуы немесе қоғамдық денсаулық сақтау магистрі немесе біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, құжат айналымының электрондық жүйелерімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Әлеуметтік мәні бар аурулар мәселелеріне жетекшілік ету. Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету саласында қызметті жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіру, әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау, емдеу, оңалту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу; әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін басымды бағыттар мен тақырыптарды әзірлеу, әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулезге қарсы, наркологиялық, психиатриялық, онкологиялық көмек, В,С вирусты гепатиттер, қант диабеті, орфандық аурулар) бойынша халықаралық ұйымдармен іс-қимыл және бірлескен халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру.

Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету басқармасының сарапшысы, (бір бірлік), С-5 санаты, 22-02-05

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша біліктілік санатының немесе мамандығының немесе біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, құжат айналымының электрондық жүйелерімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Әлеуметтік мәні бар аурулар мен аурулар кезінде халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселелері, әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау, емдеу, оңалту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, әкімдіктердің денсаулық сақтау басқармаларының (келісім бойынша), әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық көмек көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық ұйымдардың қызметін үйлестіру.

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Ш. Жақселековаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Негіздеме: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2019 жылғы 06 қарашадағы № 02-4-1/5265 келісімі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
К. Надыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады