"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 416 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы туралы ережеде:

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бас қолбасшылықтың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері";

      14-тармақта:

      29) тармақшада:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының штабтар қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидалар";

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясын қоғамдық тәртіпті сақтауда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолдану қағидалары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десант дайындығы қағидалары;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы және әскери тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерін (бөліністерін) қызметтік-жауынгерлік қолдану жөніндегі нұсқаулық;

      теңбіл беретті және теңбіл түсті тельняшканы кию құқығына біліктілік сынақтарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық.";

      Ереженің 19-тармағы 5) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацы алынып тасталсын;

      он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "арнайы мақсаттағы әскери бөлімдердің (бөліністердің) әскери қызметшілерін курстық даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау бағдарламасын;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін әуе-десанттық даярлау бағдарламасын;

      арнайы мақсаттағы әскери бөлімдердің (бөліністердің) әскери қызметшілерін сүңгуірлік даярлау бағдарламасын;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық - атқару жүйесі комитеті туралы ережеде:

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек-Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті туралы ережеде::

      19-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды, тәртіп пен заңдылықты бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеулер тағайындайды;";

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде 2-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. "Қызылорда теміржол ауруханасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық бөліністердің тізбесінде:

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жангелдин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.";

      166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "166. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бейімбет Майлин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) "Ақпараттық-өндірістік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – "АӨО" ШЖҚ РМК) қызметіне жетекшілік етуді жүзеге асырады, осыған байланысты:

      "АӨО" ШЖҚ РМК-дан Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және тіркеуден шығару, дайындалған жеке басын куәландыратын құжаттар, жүргізуші куәліктері және басқа да өнімдер, әзірленетін және ілесіп жүретін ақпараттық жүйелер, ақпараттық жүйелердің жұмысындағы кідірістің тіркелген фактілері және олардың себептері туралы статистикалық мәліметтерді алады, "АӨО" ШЖҚ РМК-ның жұмыс жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді келіседі;

      алынған ақпаратты талдау негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаментіне және Ішкі істер министрлігінің Ішкі аудит департаментіне қаржы тәртібінің жай-күйі мәселелері бойынша "АӨО" ШЖҚ РМК-ға, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиесілік нормаларына сәйкестігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне – терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету және объектінің қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау мәселелері бойынша тексеріс нәтижелері туралы ұсыныстар енгізеді;";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11)" АӨО "ШЖҚ РМК қызметіне жетекшілік етеді," АӨО " ШЖҚ РМК басшылығына осы Ереженің 14-тармағының 13-1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша орындауға міндетті тапсырмалар береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі полиция
      генерал-лейтенанты Е. Тұрғымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады