БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі №347 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың заңды мекенжайы:Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 38.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 60А.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және оның аумақтық органдарының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Н. Ноғаев |