Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 23.10.2020 № 9-нқ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. Статистика комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 28 қаңтардағы
№ 22 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      Комитеттің негізгі міндеттері мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Комитет заңнамаға сәйкес уәкілетті болса мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрімен келісу бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мүндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттері:

      статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

      мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

      14. Функциялары:

      1) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастырады;

      2) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша әдістемелерді әзірлейді және бекітеді;

      3) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекітеді;

      4) Ұлттық санақтар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді;

      5) мынадай статистикалық тіркелімдерді:

      статистикалық бизнес-тіркелімді;

      халықтың статистикалық тіркелімін;

      ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімін;

      тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік статистика органдарын уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы статистикалық жіктеуіштермен қамтамасыз етеді;

      7) ведомстволық жіктелім жүргізудің үлгі әдістемесін бекітеді;

      8) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      9) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ олардың бекітілу тәртібін бекітеді;

      10) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бекітеді;

      11) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;

      12) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келіседі;

      13) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін ғана пайдаланады;

      14) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекітеді;

      15) ұлттық санақтарды жүргізеді;

      16) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      17) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18) деректер базаларын ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрде ұсыну және пайдалану тәртібін бекітеді;

      19) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекітеді;

      20) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекітеді;

      21) статистикалық жіктеуіштерді әзірлейді және бекітеді;

      22) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітеді;

      23) пилоттық санақ жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      24) штаттан тыс санақ бөлімінің штат кестесін, құрылымы мен ережесін әзірлейді және бекітеді;

      25) санақ парақтарын әзірлейді және бекітеді;

      26) ұлттық санақтар жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралдарды әзірлейді және бекітеді;

      27) ақпараттық жүйелерді интеграциялаусыз мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлейді және бекітеді;

      28) ұлттық санақтар жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен бірлескен актілерді әзірлейді және бекітеді;

      29) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыруды және жариялауды қамтамасыз етеді;

      30) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекітеді;

      31) ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы бекітеді;

      32) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекітеді;

      33) үй шаруашылықтарынан өздерінің кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекітеді;

      34) уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға пікіртерім жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың жобаларына тестілеу жүргізу және талқылау қағидалары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;

      36) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлердің санын және олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын бекітеді;

      37) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту қағидаларын бекітеді;

      38) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын бекітеді;

      39) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын бекітеді;

      40) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келіседі;

      41) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұйғарым енгізу және кассациялық наразылық білдіру туралы өтінішхат береді;

      42) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыларына, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарайды;

      43) Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтерді ұсынады;

      44) қағаз жеткізгіштердегі және электронды түрдегі алғашқы статистикалық деректерді, әкімшілік деректерді белгіленген мерзімдерде сақтауды қамтамасыз етеді;

      45) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, деректер базаларын және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, Комитеттің интернет-ресурсын қалыптастыруды, сүйемелдеуді және өзектілендіруді қамтамасыз етеді;

      46) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      47) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуға жататын ресми статистикалық ақпараттың таратылуын қамтамасыз етеді;

      48) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың оң қорытындысы алынған техникалық-экономикалық негіздемені, оның ішінде түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме мен ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бекітеді.

      49) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және іске асырады;

      50) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және ынтымақтастық шегінде шарттар жасасады;

      51) мемлекеттiк статистика органдарының статистикалық қызметiнiң Комитет бекiткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөнiндегi статистикалық әдiснамаға сәйкестiгiне талдау жүргiзеді және талдау жүргiзуге қажеттi құжаттарды (ақпаратты) сұратады;

      52) респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      53) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлейді;

      54) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгі әдістемесін бекітеді;

      55) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және Комитеттің құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      56) мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      57) әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      58) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізеді;

      59) уәкілетті органның ресми дереккөздерден алған деректерін мониторингілеуді, талдауды және оларды салыстыруды жүзеге асырады;

      60) бағаларды тіркеуді жүргізеді;

      61) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды тұлғалар тізбесін бекітеді;

      62) салықтық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ұсыну тәртібін бекітеді;

      63) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын мемлекеттік органдар қабылдаған актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

      64) заңнамада көзделген жағдайларда, "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының даму жоспарларын және оларды орындау бойынша есептерді қарау, келісу және бекіту;

      65) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.

      66) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін және ресми статистикалық ақпаратты алдағы күнтізбелік жылға тарату кестесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      67) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мемлекеттiк статистика саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      68) Парламент комитеттерінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бөлімдерінің және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсынады;

      69) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық деректер базаларын жинақтауды, жүргізуді және оның өзектілендірілуін қамтамасыз етеді;

      70) Қазақстан Республикасының ұлттық санақтар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      71) Қазақстан Республикасы халқының ұлттық халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу, бекіту және келісу;

      72) Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асырады.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      3) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;

      4) респонденттерден өтеусіз негізде алғашқы статистикалық деректерді алу;

      5) үй шаруашылықтарынан негізде олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз алу;

      6) статистикалық ақпаратты түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;

      7) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалауы анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап ету;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық санақ жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізу;

      9) статистикалық жұмыстар жоспарын орындау үшін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін және ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесін бекіту;

      10) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;

      11) сапалы ресми статистикалық ақпарат пен статистикалық әдіснаманы Министрліктің Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы пайдаланушыларға бір мезгілде қол жеткізуіне тең құқықтарын қамтамасыз ету;

      12) дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету;

      13) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу;

      14) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарауды жүзеге асыру;

      15) Комитеттің қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға пікіртерім жүргізу;

      16) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларына тестілеу жүргізу және талқылау;

      17) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар өткізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту;

      18) тиісті мемлекеттік органдармен, комиссиялармен, санақ персоналымен бірлесіп тұрғындар арасында ұлттық санақтар өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      19) аумақтық статистика органдарының санақ персоналын іріктеуі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ұлттық санақтарға қатысуға шарттар жасасуы;

      20) уәкілетті органның шешімі бойынша пилоттық санақ жүргізу арқылы санақ парақтарын сынау, жүргізілуін ұйымдастыруды және алынған деректерді өңдеуді байқаудан өткізу, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы санағы субъектілерінің тізімдерін қалыптастыруы, нақтылауы, сондай-ақ Комитетке ұсынуы;

      21) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      22) "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау және қарау;

      23) сотқа жүгіну;

      24) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын қабылданған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      25) прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін материалдар мен нормативтік құқықтық актілерді жолдау;

      26) реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан ақпаратты сұрату және алу;

      27) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша реттелетін саладағы аумақтық органдар мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

      28) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;

      29) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;

      30) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;

      31) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қолжетімдігін ұйымдастыру;

      32) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитет Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіліктерге ие.

      17. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.

      18. Төрағаның орынбасарлары болады, оларды заңнамамен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Министрліктің жауапты хатшысы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

      19. Төраға Министрліктің жауапты хатшысына Комитеттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      20. Комитеттің төрағасы Комитеттің қызметіне басшылықты жүзеге асырады және ұйымдастырады.

      21. Осы мақсаттарда Төраға:

      1) өзінің орынбасарлары мен Комитет қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) аумақтық органдар мен "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық аппаратпен келісу бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мен оның орынбасарларын тағайындайды;

      5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың кұзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      6) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері мен оларға қатысты Комитет басқарушы орган болып табылатын ұйымдардың орындауы міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      8) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының ережелерін бекітеді;

      9) Комитеттің жұмыс регламентін бекітеді;

      10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды.

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      22. Төраға болмаған кезеңде оның орынбасарларының біріне Комитет қызметіне жалпы басшылық жүктеледі.

      23. Комитет қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Министрліктің, Комитеттің жұмыс регламенттерімен белгіленеді.

      24. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдарға Комитеттің атынан жіберілетін құжаттарға Комитет төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын адам қол қояды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      25. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. Комитеттің мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Комитеттің балансында көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады.

      26. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа да жолмен билік етуіне жол берілмейді.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарауындағы ұйымдардың тізбесі

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Комитеттің қарауындағы мемлекеттік мекемелер-аумақтық органдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шымкент қаласының Статистика департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қостанай облысының Статистика департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Павлодар облысының Статистика департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті.

      17. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады