"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі аумақтық бөлімшелерінің (аудандар мен аудандық маңызы бар қалалар) ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 101-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 22-НҚ бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 қазандағы № 322-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 20.10.2020 № 322-НҚ бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 207 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) туралы ереженің 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі аумақтық бөлімшелерінің (аудандар мен аудандық маңызы бар қалалар) ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 101-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Алматы қаласы Медеу ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Басқарманың орналасқан жері – 050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63-үй.".

      2. Комитеттің Әкімшілік құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар басқармасы осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Л. Бюрабекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады