"Проектная фирма "Гарант" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 шілдедегі № 162 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Проектная фирма "Гарант" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 1960 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2027 жылдың 10 ақпанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Проектная фирма "Гарант" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Ермағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады