Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қобда ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Кулов |
Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 328 қаулысына қосымша |
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
3-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
4-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
2) Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін аудандық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
8. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
РЗіj – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;
Зj - ауданның барлық өңірлерінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
Піj – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;
– і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округте j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа аудандық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – i аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің халқы санының болжамы;
Халі – i- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа республикалық деңгейін ескереді;
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі халық санының болжамы;
Халі – і Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі халықтың жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
3) шағын жинақталған мектептердегі оқушыларын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Санi – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі шағын жинақталған мектептердегі оқушылар санының болжамы;
Сан – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі мектептерінде оқушылардың жалпы санының болжамы.
Шағын жинақты мектептерде оқушыларды есепке алу коэффициенті білім алушылардың шағын контингентімен жалпы білім беретін мектептерді ұстауға қосымша шығыстардың қажеттілігін ескереді.
Шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті шағын біріктіріліп жинақталған сынып және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.
4) ауқым коэффициенті:
мұнда:
a – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есепке алынатын салмақ;
– бір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ халқының орташа санының болжамы;
Халi – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
5) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:
мұнда:
Халітоп – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;
Халі – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің халық санының болжамы.
Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;
6) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің ауыл халқы санының болжамы;
dj – j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
7) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
– аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;
рi – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округте халықтың тығыздығы;
b – Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
8) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – i аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
– аудан бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
9) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bi – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
10) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
di – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі жылыту маусымының кезеңі;
– аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;
– Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудантағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
11. Келесі екі жылдардағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
5-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Әрбір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
6-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудан (аудандық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұнда:
БДБШi – i аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – i аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.