Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 187 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Хромтау ауданы Қопа, Құдықсай ауылдық округтері аумағында орналасқан жалпы алаңы 2409 гектарды құрайтын жер учаскелерді жер пайдаланушылардан алып қоймай "ERG Exploration" Акционерлік қоғамымен қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін 2025 жылдың 24 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 18 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі: А. Бекет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады