Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 202 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "SUNRISE MINING" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Никельтау ауылы аумағында орналасқан, жалпы алаңы 21428,1 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, қауымдық сервитуты белгіленсін.

      2. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде "SUNRISE MINING" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 7 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі: А. Бекет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады