"Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 3-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңының 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 4-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 тамыздағы № 1221 мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Уәкiлеттi орган патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң әрекетiне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келiп түскен жағдайда, уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келiп түскен шағымды қараған кезеңде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл куәлiгiнiң қолданысы аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен мән-жайларды анықтау мақсатында үш ай ішінде тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнде белгi жасалады.
Шағымды қарау нәтижелерi бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) уәкiлеттi органға патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл куәлiгiнiң қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жiберуге ұсыным жасау;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.".
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрiне жүктелсiн.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |