Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 29.03.2024 № 18-85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-129 шешіміне (Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 9 қаңтарда № 4490 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:
бүкіл мәтін бойынша "оралмандарды", "оралмандар" және "Оралмандар" деген сөздер тиісінше "қандастарды", "қандастар" және "Қандастар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихатының хатшысы | Ж. Жоргенбаев |