Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-129 "Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-61 шешімі. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 18-85 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 29.03.2024 № 18-85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-129 шешіміне (Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 9 қаңтарда № 4490 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:

      бүкіл мәтін бойынша "оралмандарды", "оралмандар" және "Оралмандар" деген сөздер тиісінше "қандастарды", "қандастар" және "Қандастар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ж. Жоргенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады