Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 506 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 бұйрығына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Іле ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Мәдіғуловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Қарасаев

  Іле ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 08 қарашадағы № 506 қаулысына қосымша

Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1.Осы Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.

2-тарау. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемін айқындау

      2.Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

3-тарау. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемін айқындау

      3. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);

      материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.

4-тарау. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      5. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңде тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;

      2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;

      4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

      6. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.

      7. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      8. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу Бюджет кодексінің 56-1-бабына сәйкес осы Қағиданың қосымшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффициенттердің тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттер ескеріле отырып, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санының болжамы қолданылады.

      9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұнда:

      АШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;

      Шj – j функционалдық кіші тобы бойынша барлық Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;

      Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтерін тұтынушылардың саны;

      К1іj, ..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орта деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету құнының әртүрлілігін негіздейтін, объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) урбандалу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіқала – і-аудандық маңызы бар қала халқы санының болжамы;

      Халі – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердегі халық санының болжамы.

      Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа аудандық деңгейін ескереді;

      2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің халық санының болжамы;

      Халі – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер халқының жалпы санының болжамы.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;

      3) ауқым коэффициенті:

     


      мұнда:

      – Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;

     


      – бір ауылдық округтің халқының орташа санының болжамы;

      Халi – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің халық санының болжамы;

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;

      4) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіауыл – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің ауыл халқы санының болжамы;

     


      – функционалдық кіші топ бойынша (барлық аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттігін ескереді;

      5) тығыздық коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы; – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердегі халықтың тығыздығы;

     


      – Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      6) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:

     


      мұнда:

      Ni – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

     


      – аудан бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      7) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

     


      мұнда:

      bі – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

      8) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердегі жылыту маусымының кезеңі;

     


      – аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;

     


      – Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      11. Келесі екі жылдардағы Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.

5-тарау. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады.

      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.

      Аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

6-тарау. Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу

      13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШі = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),

      мұндағы:

      БДБШі – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШі – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;

      КБКі – і- Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің кірістерінің болжамды көлемдері;

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      14. Аудандық бюджет пен Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

      r2 мөлшерінің шамасы бюджеттік алып қоюлар мен бюджеттік субвенциялар белгіленген Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер үшін жеке айқындалады.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.

 
  Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасына қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атауы

Көрсеткіштер

Коэффициенттер

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қаржылық қызмет

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Жоспарлау және статистикалық қызмет

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

2. Қорғаныс

Әскери қажеттіліктер

18-ден 26 жасты қоса алғанда әскерге шақыру жасындағы еркек жынысты адамдар

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

Құқық қорғау қызметі

Тұрақты халық саны

ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтер

ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

4. Білім

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

1-5 жастағы балалар саны

урбандалу;
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

6-18 жастағы балалар саны

шағын жинақталған мектептердегі оқушыларды есепке алу;
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру

14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалар

урбандалу;
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

Тұрақты халық саны

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Білім беру саласындағы өзге де қызметтер

тығыздық;
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
халықтың жас құрылымы;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру

6-18 жастағы балалар саны және зейнеткерлік жастан асқан халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
кедейлікті есепке алу (табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде);
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй шаруашылығы

Жалпы алаңы тұрғын үй
қор (мың шаршы метр)

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Коммуналдық шаруашылық

Тұрақты халық саны

урбандалу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Елді мекендерді абаттандыру

тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Спорт

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Ақпараттық кеңістік

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі басқа да қызметтер

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті көлемі

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Жер қатынастары

Аумақтың ауданы (мың
шаршы километр)

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Тұрақты халық саны

урбандалу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

12. Көлік және коммуникация

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр)

урбандалу;
жолдарды күтіп ұстау;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер

Жолаушылар айналымы (миллион жолаушы-километр)

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

13. Басқалар

Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау

Шағын және орта бизнестің үлесі
жалпы өңірлік өнім
аймақ

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Басқалар

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады