Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 бұйрығына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Сарқан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Мынбаев жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Т. Қайнарбеков |
Сарқан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 04 қазандағы № 278 қаулысына қосымша |
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
3-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемін айқындау
3. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
1-параграф. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
5. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңде тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
6. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.
7. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
8. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу Бюджет кодексінің 56-1-бабына сәйкес осы Қағиданың қосымшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффициенттердің тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттер ескеріле отырып, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санының болжамы қолданылады.
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
АШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
Шj – j функционалдық кіші тобы бойынша барлық аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;
Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтерін тұтынушылардың саны;
К1іj, ..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орта деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету құнының әртүрлілігін негіздейтін, объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – і-аудандық маңызы бар қала халқы санының болжамы;
Халі – і-аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа аудандық деңгейін ескереді;
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің халық санының болжамы;
Халі – і-аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер халқының жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
3) ауқым коэффициенті:
мұнда:
?– аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;
– бір ауылдық округтің халқының орташа санының болжамы;
Халi – і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің халық санының болжамы;
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
4) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ауыл халқы санының болжамы;
– функционалдық кіші топ бойынша (барлық аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттігін ескереді;
5) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
– аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы; – і-аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі халықтың тығыздығы;
– аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
6) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
– аудан бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
7) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bі – і-аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
8) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:
мұнда:
– і-аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі жылыту маусымының кезеңі;
– аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;
– аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
11. Келесі екі жылдардағы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
2-параграф. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады.
Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.
Аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
3-параграф. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:
БДБШі = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұндағы:
БДБШі – і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің кірістерінің болжамды көлемдері;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
14. Аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
r2 мөлшерінің шамасы бюджеттік алып қоюлар мен бюджеттік субвенциялар белгіленген аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін жеке айқындалады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
15. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасына қосымша |
Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі
Функционалдық кіші топтардың атауы |
Көрсеткіштер |
Коэффициенттер |
1 |
2 |
3 |
1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер |
||
Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар |
Тұрақты халық саны |
қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
5. Денсаулық сақтау |
||
Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер |
тығыздық; урбандалу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
|
6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
||
Әлеуметтік көмек |
Тұрақты халық саны |
қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлікті есепке алу (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы |
||
Тұрғын үй шаруашылығы |
Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр) |
урбандалу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Коммуналдық шаруашылық |
Тұрақты халық саны |
урбандалу; тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Елді мекендерді көркейту |
тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
|
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
||
Мәдениет саласындағы қызмет |
Тұрақты халық саны |
урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Спорт |
урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
|
12. Көлік және коммуникация |
||
Автомобиль көлігі |
Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр) |
урбандалу; жолдарды күтіп-ұстау; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
13. Басқалар |
||
Басқалар |
Тұрақты халық саны |
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |