"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 821 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

      9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      271 "Облыстың құрылыс басқармасы", 288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы", 314 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жайлы қалалық орта басқармасы" және 373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 204 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "204 COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      321 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың тұрғын үй және тұрғын саясаты басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 068 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "068 Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      466 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      007 "Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:

      465 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      005 "Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      9 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      457 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:

      289 "Облыстың кәсіпкерлік және туризм басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      006 "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау" және 015 "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру" бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады