Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1251 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:

      1 "Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 78 ерекшелікпен толықтырылсын:

      "78 Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот салған ақшалай өндіріп алулар";

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 106 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "106 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне әлеуметтiк қамтамасыз ету объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      813 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 013, 015 және 020 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 081 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:

      "081 Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру

      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      020 Облыстық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      1 "Экономикалық қызметтерді реттеу" функционалдық кіші тобында:

      288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      040 "Арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың, индустриялық парктердің инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен".

      2. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген) бұйрығына толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:

      1 "Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбыда:

      мынадай мазмұндағы ерекшеліктермен толықтырылсын:

      "

Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот салған ақшалай өндіріп алулар

2

04

1

78

100







      ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады