"Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 1502 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 3) тармақшасына бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкiмi М. Әйтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "29" қарашадағы
№ 1502 қаулысына қосымша

"Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Мәделі Қожа көшесі, ғимарат № 1А, индекс 160021.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Басқарманың мақсаттары: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Басқарманың өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) Басқарманың құзыретiне кiретiн қала әкiмдiгiнiң және (немесе) әкiмiнiң шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң, қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;

      2) заңнамамен бекiтiлген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер сұратады, сондай-ақ, басқа мемлекеттiк органдарға мәлiметтер ұсынады;

      3) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру және ревизия жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;

      4) Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша қала әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзедi;

      5) жиналыстарды өткiзу тәртiбiн ұйымдастырады, қала әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысады;

      6) Басқарма Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Міндеттері:

      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;

      2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерiн дамыту;

      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      4) әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

      Функциялары:

      1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

      2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, республикалық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;

      4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;

      5) спорт түрлерi бойынша республикалық маңызы бар қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

      6) Шымкент қаласының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      7) Шымкент қаласының аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      8) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

      9) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

      10) спортшыларға: "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

      11) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      12) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

      13) Шымкент қаласының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      14) Шымкент қаласының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

      15) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

      16) олимпиадалық резервтің республикалық маңызы бар қаланың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық маңызы бар қаланың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

      17) олимпиадалық резервтің республикалық маңызы бар қаланың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық маңызы бар қаланың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

      18) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қаланың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      19) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      20) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      21) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      22) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

      23) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;

      24) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

      25) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітуге ұсынады;

      26) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітуге ұсынады;

      27) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады;

      28) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      29) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      30) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      31) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;

      4) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;

      5) Басқарманың атынан әрекет етеді;

      6) сенімхаттар береді;

      7) өз уәкілеттігі шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды және нұсқаулар береді;

      8) Басқарма қызметкерлеріне, қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;

      9) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      10) Басқармада "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының Олимпиада резервін даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      2) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 3 жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      5) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы № 4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 6 теннис спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 7 футболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 8 қысқы түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      13) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 10 күрес түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 11 шығыс жекпе-жек түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 13 ойын түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      17) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 14 ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      18) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 15 жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      19) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 16 гимнастикадан олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      20) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 17 футболдан олимпиада резервiнің мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      21) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 18 олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      22) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 19 мүгедектерге арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      23) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының № 20 ауыр атлетикадан олимпиада резервiнің мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      24) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      25) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      26) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      27) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік" футбол академиясы – спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      28) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент" ойын түрлерінен спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      29) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент қаласының спорт ғимараттары дирекциясы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      30) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қажымұқан атындағы орталық стадионы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      31) Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Орталық су-спорт кешені" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      32) "Ордабасы" кәсіби футбол клубы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады