Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 208 бұйрығы

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тіліндегі электрондық түріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 208 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары

Санат

Лауазымның атауы

Біліміне қойылатын талаптар

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар

Біліміне, икемі мен дағдысына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан қарай-Агенттік)

В-PK-1

Агенттіктің аппарат басшысы
Агенттіктің Қызмет басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігі төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 болып тіркелген) бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

В-PK-2

Агенттіктің аппарат басшысының орынбасары
Агенттіктің Қызмет басшысының орынбасары
Агенттіктің Департамент басшысы
Ерекше тапсырмалар жөніндегі офицер

В-PK-3

Агенттіктің департаменті басшысының орынбасары
Агенттіктің дербес басқармасының басшысы
Агенттік Төрағасының көмекшісі

В-PK-4

Агенттіктің Қызметі (департамент) басқармасының басшысы
Агенттіктің дербес басқармасы басшысының орынбасары

В-PK-5

Агенттіктің Қызметі (департамент) басқармасы басшысының орынбасары

В-PK-6

Аса маңызды істер жөніндегі офицер (тергеуші)

В-PK-7

Аға офицер (тергеуші)

В-PK-8

Офицер (тергеуші)

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық органдары)

В-PKО-1

Аумақтық органның басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігі төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі №67 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20391 болып тіркелген) бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

В-PKО-2

Аумақтық орган басшысының орынбасары

В-PKО-3

Аумақтық органның басқарма басшысы

В-PKО-4

Аумақтық органның басқарма басшысының орынбасары
Аумақтық органның дербес бөлім басшысы

В-PKО-5

Аумақтық орган басқармасының бөлім басшысы

В-PKО-6

Аса маңызды істер жөніндегі офицер (тергеуші)
Басшының режим жөніндегі көмекшісі

В-PKО-7

Аға офицер (тергеуші)

В-PKО-8

Офицер (тергеуші)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады