БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Атамқұлов |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы "21" сәуірде № 183 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.09.2023 № 14 бұйрығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.04.2025 № 124 бұйрығымен.
3. Күші жойылды – ҚР Көлік министрінің 29.09.2023 № 17 бұйрығымен.
4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 71 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді, штат санының лимитін Министрдің келісімі бойынша Министрліктің аппарат басшысы бекітеді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Төрағаның Министрдің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.";
5. Күші жойылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.10.2023 № 16 бұйрығымен.6. Күші жойылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.10.2023 № 15 бұйрығымен.