Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №139 "Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | А. Халтонов |
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 65/11 қаулысымен бекітілген |
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2-тарау. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.
3. Бюджет кодексінің 45-бабының 9-1-тармағына сәйкес, жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің бюджеттері кірістерінің болжамын жыл сайын сырғымалы негізде Шахтинск қаласының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.
3-тарау. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің бюджеттері шығындарының болжамды көлемін анықтау
4. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі мыналардан тұрады:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және тұрақты сипаттағы шығындар (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес өзге де күрделі шығыстар (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
4-тарау. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
5. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің бюджеттері бойынша жалпы ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
6. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
1) Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланатын кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (жалақыны қоспағанда);
2) Шахтинск қаласы бюджетінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) Қарағанды облыс Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін жергілікті өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және қосымша демалыстарға қаражат алып тасталады және Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалармен қосылады.
8. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
9. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялар функционалдық кіші топтардың тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып, жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялар функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
10. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттердің ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
– j - функционалдық кіші топ бойынша Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің i-ші қаласының есептік ағымдағы шығындары;
– j - функционалдық кіші топ бойынша Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
– j функционалдық кіші тобы бойынша і - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттердің мемлекеттік қызметтерін тұтынушылардың саны;
– j-ші функционалдық кіші топ бойынша Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан i-ші кенттеріндегі Мемлекеттік қызметтерді көрсету құнының орташа қалалық деңгейден айырмашылығын негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
11. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету құнының әртүрлілігін негіздейтін, объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
– Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан і-кенттеріндегі қала халқының болжамды саны.
– Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан і-кенттеріндегі халықтың болжамды саны.
- урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жергілікті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа қалалық деңгейін ескереді;
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – тұрғындарының саны 500 адамнан кем елді мекендерде тұратын Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан і -ші кенттері халқының болжамды саны;
Халі – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан і - кенттеріндегі халықтың жалпы болжамды саны.
- қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа қалалық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
3) ауқым коэффициенті:
мұнда:
– Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің халық санының орташа қалалық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ;
– Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері халқының орташа санының болжамы;
Халi – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан і - кенттеріндегі халықтың болжамды саны.
- ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
4) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттеріндегі i-ші ауыл халқының болжамды саны.
– функционалдық кіші топ бойынша (Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
- ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттігін ескереді;
5) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
– қала бойынша халықтың орташат ығыздығы;
рi – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шаханi- кенттеріндегі халықтың тығыздығы;
– Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері халқының тығыздығының орташа қалалық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
- тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттері шығындарының ұлғаюын ескереді;
6) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан і- кенттерінің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға арналған қаржыландыру нормативі.
– қала бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
7) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bі – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан і - кенттеріндегі халықтың жалпы санындағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
- кедейшілікті есепке алу коэффициенті табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлеуге Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің шығындарын ұлғайтуды ескереді;
8) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:
мұнда:
di – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің і-ші жылу беру маусымы кезеңінде;
– Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бойынша жылу беру маусымының орташа кезеңі;
– Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде жылытуға арналған шығындардың үлесі.
- жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті қала бюджеттері шығындарының қаланың жылыту маусымының ұзақтығына тәуелділігін ескереді.
12. Келесі екі жылдағы қалалық бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңдегі бірінші жылғы қалалық бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
5-тарау. Қарағанды облысы қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
13. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің күрделі сипаттағы шығындарын қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі, мұнда:
КШі – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан i - кенттерінің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШ і- Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан і - кенттерінің есептік ағымдағы шығындары;
k – ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне күрделі сипаттағы шығындардың пайыздық қатынасының шамасы.
Қала бюджеті мен Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындауға арналған k коэффициентінің шамасы қалалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
6-тарау. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің бюджеттерін дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
14. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық арақатынаста жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
БДБШі = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі), мұндағы:
БДБШі – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан i - кенттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындар;
ЕШі – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан i - кенттері кірістерінің болжамды көлемі;
КБКі – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан i - кенттері кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
r2 – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттері кірістерінің болжамды көлеміне бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың пайыздық қатынасының шамасы
15. R1 және r2 коэффициенттерінің шамасы қалалық бюджет комиссиясының шешімімен қалалық бюджет және Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін белгіленеді.
Қарағанды облыс Шахтинск қаласының Долинка, Новодолинский, Шахан кенттері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібіне қосымша |
Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі
Функционалдық кіші топтардың атауы | Көрсеткіштер | Коэффициенттер |
1 | 2 | 3 |
1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер | ||
Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар | Тұрақты халық саны | қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Қаржылық қызмет | қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер | қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | ||
2. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | ||
Әлеуметтік көмек | 6-18 жастағы балалар саны және зейнеткерлік жастан асқан халық саны | қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлікті есепке алу(табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстеме ақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепкеалу |
Әлеуметтік көмек | Тұрақты халық саны | қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлікті есепке алу (табысы күн көріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстеме ақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер | қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы | ||
Тұрғын үй шаруашылығы | Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр) | урбандалу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Коммуналдық шаруашылық | Тұрақты халық саны | урбандалу; тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Елді мекендерді көркейту | тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
4. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | ||
Мәдениет саласындағы қызмет | Тұрақты халық саны | урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Спорт | урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
Ақпараттық кеңістік | урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
Ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
5. Көлік және коммуникация | ||
Автомобиль көлігі | Жергілікті маңызы бар авто жолдардың, оның ішінде елді мекендермен көшелерішіндегі авто жолдар ұзындығы (километр) | урбандалу; жолдардыкүтіп-ұстау; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер | Жолаушылар айналымы (миллион жолаушы-километр) |
урбандалу; |
6. Басқалар | ||
Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау | Өңірдің өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Басқалар | Тұрақты халық саны | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |