Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарқаралы ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Э. Дюсетаев |
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "28" қазандағы № 366 қаулысына қосымша |
Қарқаралы ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу ережесі
1 тарау. Негізгі ережелер
1. Қарқаралы ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2 тарау. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттер кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін айқындау
2. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.
3. Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын Бюджет кодексінің 45-бабының 9-1-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы сырғымалы негізде жыл сайын айқындайды.
4. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және тұрақты сипаттағы шығындар (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес өзге де күрделі шығыстар (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
3 тарау. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
5. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін жалпы аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
6. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
2) аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
7. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
8. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
9. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Ережеге қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
10. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
– і аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;
Зj – аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
– і аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;;
– і аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа облыстық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
11. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – i аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер қала халқы санының болжамы;
Халі – i- аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа республикалық деңгейін ескереді;
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер халық санының болжамы;
Халі – і аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер халықтың жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа облыстық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
3) ауқым коэффициенті:
мұнда:
– аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;
– бір ауылдық округтің халқының орташа санының болжамы;
Халi – і- аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтердің халық санының болжамы;
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
4) ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – i- аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер ауыл халқы санының болжамы;
– j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
5) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
– аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;
рi – i- аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер халықтың тығыздығы;
- аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
6) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni -"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін жергілікті маңызы бар ұстауға арналған қаржыландыру нормативі i-ші аудандық маңызы бар қала автомобиль жолдарын, кент, ауылдық округтерді.
– аудан бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
7) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bi – і аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті облыс өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
8) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
di – i- аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер жылыту маусымының кезеңі;
– аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;
– аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының облыстағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
12. Келесі екі жылдағы аудандық бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңдегі бірінші жылғы аудандық бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
4 тарау. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
13. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Әрбір аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Аудан бюджеті мен аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
5 тарау. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
14. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұнда:
БДБШi – i аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – i аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
15. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы облыстық бюджет пен аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу ережесіне қосымша |
Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі
Функционалдық кіші топтардың атауы | Көрсеткіштер | Коэффициенттер |
1 | 2 | 3 |
1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер | ||
Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар | Тұрақты халық саны | қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығы |
5. Денсаулық сақтау | ||
Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер | тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығы | |
6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | ||
Әлеуметтік көмек | Тұрақты халық саны | қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлік (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы; жылыту маусымының ұзақтығы |
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы | ||
Тұрғын үй шаруашылығы | Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр) | жылыту маусымының ұзақтығы |
Коммуналдық шаруашылық | Тұрақты халық саны | тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығы |
Елді мекендерді көркейту | тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығы | |
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | ||
Мәдениет саласындағы қызмет | Тұрақты халық саны | ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы; жылыту маусымының ұзақтығы |
Спорт | ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақы; жылыту маусымының ұзақтығы | |
12. Көлік және коммуникация | ||
Автомобиль көлігі | Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр) | жолдарды күтіп-ұстау; жылыту маусымының ұзақтығы |
13. Басқалар | ||
Басқалар | Тұрақты халық саны | жылыту маусымының ұзақтығы |