"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара және Авиация қызметтерінің, Үкіметтік байланыс қызметінің, Шекара академиясының бөлімшелерін шекара күзетінің техникалық құралдарымен, инженерлік қару-жарақ құралдарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 28/ҚБП бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 4 қарашадағы № 109/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара және Авиация қызметтерінің, Үкіметтік байланыс қызметінің, Шекара академиясының бөлімшелерін шекара күзетінің техникалық құралдарымен, инженерлік қару-жарақ құралдарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 28/ҚБП бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара және Авиация қызметтерінің, Үкіметтік байланыс қызметінің, "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің, Шекара академиясының бөлімшелерін шекара күзетінің техникалық құралдарымен, инженерлік қару-жарақ құралдарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара және Авиация қызметтерінің, Үкіметтік байланыс қызметінің, "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің, Шекара академиясының бөлімшелерін шекара күзетінің техникалық құралдарымен, инженерлік қару-жарақ құралдарымен жабдықтау нормалары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара және Авиация қызметтерінің, Үкіметтік байланыс қызметінің, "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің, Шекара академиясының бөлімшелерін шекара күзетінің техникалық құралдарымен, инженерлік қару-жарақ құралдарымен жабдықтау нормаларында:

      норма тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара және Авиация қызметтерінің, Үкіметтік байланыс қызметінің, "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің, Шекара академиясының бөлімшелерін шекара күзетінің техникалық құралдарымен, инженерлік қару-жарақ құралдарымен жабдықтау нормалары";

      "Норма берілетін бөлімше (саны)" деген бағандардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

№ р/с

Атауы

Өлш. бірлігі

Норма берілетін бөлімше (саны)

Шекара қызметінің департаменті, шекара басқармасы

Шекара бөлімі

Шекара бөлімшесі

Техникалық бақылау тобы (бекеті) (стационарлық)

Өткізу пункті

Техника және қару жарақ жөндеу басқармасы

Арнайы мақсаттағы мобильдік іс-қимыл тобы (бөлімшесі)

      Кестенің жалғасы

Норма берілетін бөлімше (саны)

Өнімнің қызмет ету мерзімі жыл/сағат (мотосағат)

Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету тобы

Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бөлімінің) инженерлік-саперлік бөлімшесі

Кіші инженерлік мамандарды дайындау бойынша тобы

ҮБҚ тұрақты және далалық байланыс тораптар басқармасы

Жөндеу бойынша шеберхана (бөлімше)

Шекара академиясы

"А" Арнаулы мақсаттағы қызметі (әр бөлімшенің орналасқан орнына)

      ";

      "Тіршілікті қамтамасыз ету құралдары" деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы 93-1-жолмен толықтырылсын:

      "

93-1

Блоктық-модульдік ғимарат

жинақ














1

10

      ";

      нормаларға ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жабдықтау нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара және Авиация қызметтерінің, Үкіметтік байланыс қызметінің, "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің, Шекара академиясының ұйымдық-штаттық құрылымына қатысты әзірленді. Нормаларда нақты атауы жоқ аумақтық бөлімшелерге (жаңадан құрылған немесе қайта аталған) осы нормаларда көрсетілген тиісті бөлімдер мен бөлімшелерге қатысты нормаланады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "А" Арнаулы мақсаттағы қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың деректемелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 7-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
К. Мәсімов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      ______________

      2021 жылғы "___"__________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады