Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 133/ке-қа бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің штатына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 077-қа бұйрығымен жүргізілген ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11707 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қордай аудандық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Қордай ауданы;

      2) Меркі аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Меркі ауданы;

      3) Шу ауданы және теміржол станциясы бойынша бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шу ауданы және Шу теміржол станциясы;

      4) Жуалы аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Жуалы ауданы;

      5) Сарысу аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Сарысу ауданы;

      6) Байзақ аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Байзақ ауданы;

      7) Т.Рысқұлов атындағы аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Т.Рысқұлов ауданы;

      8) Жамбыл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жамбыл ауданы;

      9) Талас аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Талас ауданы;

      10) Мойынқұм аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Мойынқұм ауданы.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті заңнамада белгіленген тәртіпен:

      1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір ай мерзім ішінде хабарландыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментін екі ай мерзім ішінде ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады