Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ғимараттары мен құрылыстарын балама энергия көздерімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 904/қе-қа бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің ғимараттары мен құрылыстарын балама энергия көздерімен жабдықтау нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларының 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жібергеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Балама энергия көздерін сатып алуды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асыру белгіленсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
К. Мәсімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министр

      ___________________________

      202__ жылғы "___"__________

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық қауіпсіздік
  комитеті Төрағасының
  2021 жылғы 30 желтоқсан
  № 904/қе-қа бұйрығына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ғимараттары мен құрылыстарын балама энергия көздерімен жабдықтау нормалары

р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Шекаралық бөлім

Шекара бөлімшесі

Шекаралық бақылау бөлімшесі

Қызмет мерзімі

Ескертпе

1

Энергиямен қамтамасыз ету автономды жүйесі (энергиямен қамтамасыз ету балама, жаңартылған энергетика автономды жүйесі)

жиынтық

1

1

1

20 жыл

Өнеркәсіптік электрмен қамтамасыз ету жүйелеріне қосылмаған жағдайда

      * Есеп белгіленген қуат негізінде жүргізіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады