Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 22.07.2022 № 703 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 22.07.2022 № 703 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Р. Рүстемов |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "6" желтоқсандағы № 528 қаулысына қосымша |
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 22.07.2022 № 703 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскер лердің тізімдік саны (адам) | Квота (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам) |
1 | "Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №224 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 80 | 2 | 1 |
2 | "Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің Төлепберген Абдірашев атындағы №239 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 80 | 2 | 1 |
3 | "Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №242 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 68 | 2 | 1 |
4 | "Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №245 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 62 | 2 | 1 |
5 | "Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №256 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 51 | 2 | 1 |
6 | "КДСМ Қыран" жауакершілігі шектеулі серіктестігі | 52 | 2 | 1 |
7 | "Ынтымақ" жауакершілігі шектеулі серіктестігі | 51 | 2 | 1 |
8 | "Орда Сығанақ" жауакершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 2 | 1 |
9 | "Шипажай Жаңақорған" жауакершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2 | 1 |