Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 – баптарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы 46,4 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 25 (жиырма бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б. Әбілов |
Бейнеу ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 27 қыркүйектегі | |
№ 305 қаулысына қосымша |
"TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері
№ | Жер учаскесiнiң орналасқан жерi | Ауданы (гектар) |
1. | Бейнеу ауданының босалқы жерінен | 24,02 |
2. | Бейнеу ауылы жерінен | 11,2 |
3. | Төлеп ауылы жерінен | 5,04 |
4. | "Назар" шаруа қожалығының 13-196-009-586 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен | 0,4 |
5. | "Азамат" шаруа қожалығының 13-196-009-230 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен | 0,8 |
6. | "Азат-Нұр" шаруа қожалығының 13-196-009-393 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен | 0,7 |
7. | "Түйте" шаруа қожалығының 13-196-009-054 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен | 1,08 |
8. | "Нұртас" шаруа қожалығының 13-196-009-459 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен | 0,76 |
9. | "Елеусін" шаруа қожалығының 13-196-009-040 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен | 1,6 |
10. | "Шапағат-1" шаруа қожалығының 13-196-009-419 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен | 0,8 |
Барлығы: | 46,4 |