Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 22 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69 бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және жер учаскелеріне құқық беру үшін жобалық жоспарына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне Ақжігіт ауылының жерінен электр желісін жүргізу үшін ауданы 0,2982 гектар және талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін ауданы 0,3303 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;

      Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Ақжігіт ауылының әкімі Ж. Салиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады