"Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 531 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 22 қарашадағы
  № 531 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өз құзыретінің шегінде экономика және бюджеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджетке жiберiледi.

2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) экономика саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      2) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      3) өңірлік даму саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзіреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      облыс әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрату және алу;

      өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау және ұсыну;

      сот органдарында Басқарманың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру;

      өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді атқару.

      15. Функциялары:

      1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзірлейді;

      2) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жобаларына экономикалық сараптаманы жүргiзеді;

      3) Қостанай облысын дамыту бағдарламасын әзірлейді;

      4) Қостанай облысын дамыту бағдарламасына мониторинг жүргізеді;

      5) өңірлік даму саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;

      6) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдайды және мониторинг жүргізеді;

      7) "Дипломмен ауылға" жобасын іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді;

      8) шығыстардың бағыттарын және оларды облыстық бюджеттен қаржыландырудың ең төменгі көлемдерін айқындайды;

      9) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетеріне жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерін айқындайды;

      10) жыл сайын жоспарлы кезеңге облыстық бюджетті әзiрлейді;

      11) Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы облыс мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

      12) жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердi болжайды;

      13) облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерiн, жаңа бастамаларға арналған лимитін айқындайды;

      14) облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын қарайды, бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Қостанай облысы әкімдігінің бюджет комиссиясының қарауына жiбереді;

      15) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық, қаржы-экономикалық негіздемелеріне және инвестициялық ұсыныстарына экономикалық қорытындылар береді;

      16) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында өз құзыретінің шеңберінде мемлекеттік саясатты іске асырады;

      17) алып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 29.09.2023 № 414 қаулысымен;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 29.09.2023 № 414 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттiк орган басшысының мәртебесі, өкілеттілігі

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімдері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда әрекет етеді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікті атқарады;

      7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

      22. Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      23. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады