Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 837 қаулысы. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 869 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 15.05.2023 № 869 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ВИП – 17" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

  Әкімдіктің қаулысына
  қосымша

      1. "Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 27 мекенжайы бойынша "көп қабатты тұрғын үйді жобалау және салу", Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков - Гоголь көшелері – Абай даңғылы шекарасында (413 трансформаторлық қосалқы станция) орналасқан, жалпы алаңы 0,9 гектар;

      2. "Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 27 мекенжайы бойынша "көп қабатты тұрғын үйді жобалау және салу", Қостанай қаласы, Толстой - Сьянов көшелерінің шекарасында орналасқан (1 жылу камерасы), жалпы алаңы 0,5 гектар;

      3. "Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 27 мекенжайы бойынша "көп қабатты тұрғын үйді жобалау және салу", Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі - Әл-Фараби даңғылы (50/11 - жалпы тарату шкафы) мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,7 гектар;

      4. "Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 27 мекенжайы бойынша "көп қабатты тұрғын үйді жобалау және салу", Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі (1 пикет құдық 0) мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,3 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады