Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 2155 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясының 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 793 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Амина Тулиубаевна Ташмановаға Қостанай қаласы, Штабная көшесі, № 11 үй бойында мекенжайы бойынша орналасқан "т. А - т. Б шегінде газ құбырын төсеуге" объектісі бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жалпы алаңы 0,0040 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады