"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі | Е. Теменов |
Әулиекөл ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 29 желтоқсандағы | |
№ 230 қаулысымен | |
бекітілді |
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 27.07.2023 № 206 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Әуликөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі кәсіпкерлік бөлімі) кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Кәсіпкерлік бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Кәсіпкерлік бөлімі Конституцияға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен сәйкес, сондай-ақ осы Ережемен өз қызметін жүзеге асырады.
4. Кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Кәсіпкерлік бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Кәсіпкерлік бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Кәсіпкерлік бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік бөлімі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін, Әулиекөл ауданы әкімінің құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген, сондай-ақ осы Ережемен шешімдер қабылдайды.
8. Әулиекөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі, 44.
10. Осы Ереже кәсіпкерлік бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Кәсіпкерлік бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Кәсіпкерлік бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Кәсіпкерлік бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер кәсіпкерлік бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекет мүдделерін қорғау;
2) өнеркәсіп, туризм, кәсіпкерлік және сауда салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
аудан әкімінің, әкімдігінің қарауына өз құзыреті бойынша ұсыныстар енгізу;
кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері бойынша Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарымен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасы мәселелері бойынша халық, жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;
бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаулылардың, шешімдердің жобаларын әзірлеу;
бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаулылардың, шешімдердің жобаларын әзірлеу;
уәкілетті органға туризмді дамыту туралы, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қабылдау.
15. Функциялары:
1) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
2) аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады.
3. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі мемлекеттік органның атауы
16. Кәсіпкерлік бөліміне басшылықты кәсіпкерлік бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Кәсіпкерлік бөлімінің бірінші басшысын Әулиекөл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Кәсіпкерлік бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда кәсіпкерлік бөлімін ұсынады;
2) кәсіпкерлік бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
3) бұйрықтарға, қызметтік құжаттарға қол қояды;
4) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және кәсіпкерлік бөлімінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды, босатады, қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
5) өтініштермен жұмысты ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
6) кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды;
7) міндеттемелер мен төлемдер бойынша кәсіпкерлік бөлімінің қаржыландыру жоспарын, белгіленген еңбекақы қоры және жұмыскерлер саны шегінде кәсіпкерлік бөлімінің құрылымын бекітеді.
Кәсіпкерлік бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны алмастыратын адам, сондай-ақ осы Ережеге жүзеге асырады.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
19. Кәсіпкерлік бөлімінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік" туралы Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Кәсіпкерлік бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы" Заңында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Кәсіпкерлік бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ осы Ережемен жүзеге асырылады.