Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 03.10.2023 № 197 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Нұрғалиев Б.М. |
Денисов | |
ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 22 желтоқсандағы | |
№ 258 қаулысымен | |
бекітілген |
"Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов ауылдық округі, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 6 үй.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі
13. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;
2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;
3) азаматтардың құқықтары мен мүдделерін, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік кепілдіктерді қорғау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтар
өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекеменің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығаруға құқылы;
өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;
жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласын дамытуды анықтау ;
2) міндеттері:
осы Ережеге сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атынан өкілдік етуге;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені сақтауға міндетті;
мемлекеттік қызметтер стандарттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
15. Функциялар:
1) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін үйлестіру;
2) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың қабылдануын қамтамасыз ету;
3) халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын талдау;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейлікті азайту жөніндегі шаралар саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру болып табылады;
6) статистикалық, ведомстволық есептілікті дайындау және ұсыну, Бөлімнің құзыреті шегінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жүргізуге мониторингті жүзеге асыру;
7) ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді, дамудың индикативтік жоспарын қалыптастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтамасыз ету;
9) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін тағайындау және төлеу;
11) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
12) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу, ымдау тілі маманының, жеке көмекшілердің қызметтерін ұсыну;
13) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;
14) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және оларға консультация беру;
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қабылдау;
16) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
18) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы Бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
19) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
20) еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
21) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шаралар;
22) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға санаторий-курорттық емделуге құжаттарды ресімдеу;
23) қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
24) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізу;
25) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
26) Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалуын бақылау және жәрдемдесу болып табылады;
27) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару;
28) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
29) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
30) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;
31) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
32) кәмелетке толған азаматтарға қатысты қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаншы және қамқоршы мәселелері бойынша сотқа қатысу;
33) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
34) Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
17. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) мемлекеттіқ бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
7) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
8) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4 тармақ. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Бөлімде бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тармақ. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.