"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 262 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов

  Жітіқара ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 25 қарашадағы
  № 262 қаулысымен
  бекітілді

"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 16.10.2023 № 211 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жұмыспен қамту бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Жұмыспен қамту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жұмыспен қамту бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Жұмыспен қамту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жұмыспен қамту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Жұмыспен қамту бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51.

      10. Осы ереже Жұмыспен қамту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Жұмыспен қамту бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Жұмыспен қамту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жұмыспен қамту бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Жұмыспен қамту бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзіреті шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілуін ұйымдастыру;

      3) халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) осы Ережеге сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атынан өкілдік ету;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды заңда белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Міндеттері:

      1) жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласының дамуын белгілеу;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені сақтау;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қолжетімдікті қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарын талдауды, болжауды және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органын хабардар етуді жүргізеді;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

      4) ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыс орындарын құруды қолдауды жүзеге асырады;

      6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      7) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

      8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      9) қарамағындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құруды және олардың қызметін жүзеге асырады;

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын жүзеге асырады;

      11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      12) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді жүзеге асырады;

      13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады;

      14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдауды жүзеге асырады;

      15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіруді жүзеге асырады;

      17) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшінің, есту кемістігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсынуды жүзеге асырады;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Жұмыспен қамту бөліміне басшылықты басшы жүзеге асырады, ол Жұмыспен қамту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Жұмыспен қамту бөлімі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Жұмыспен қамту бөлімі басшысының өкілеттіктері:

      1) "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      2) өз орынбасарының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттілік шеңберін белгілейді;

      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      4) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындалуға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) мемлекеттік орган атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

      7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

      8) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      9) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жұмыспен қамту бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Жұмыспен қамту бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Жұмыспен қамту бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Жұмыспен қамту бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жұмыспен қамту бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады