"Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауын;

      3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі Ғ. Бекбаев

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 161 қаулысымен
  бекітілген

"Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Меңдіқара ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Боровское ауылы, Летунов көшесі, 7.

      10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысандарының тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау, сондай-ақ жердің құнарлылығын сақтау мен молықтыруға, оларды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында мүдделі басқармалармен және ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Кәсіпкерлік, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы салаларындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын айқындау;

      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік-техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      3) Меңдіқара ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне және сауда қызметін реттеу саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес бақылау – қадағалау функцияларын жүзеге асыру.

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мақсаттар.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратады, Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартады;

      тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға Бөлімнің қызмет саласына қатысты тапсырмалар береді, олардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысады;

      қарамағында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер және Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар лауазымды тұлғаларға, тауар өндірушілерге ұйымдық- әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді;

      стратегиялық, операциялық жоспарларға, сондай-ақ Бөлімнің жұмыс жоспарларына сәйкес қызметті жүзеге асырады;

      2) міндеттері:

      өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындайды.

      15. Функциялары:

      1) әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, ауданның даму стратегиялары мен басымдықтары бойынша аудан әкіміне және әкімдікке ұсыныстар енгізеді;

      2) өз құзыреті шегінде Бөлімге жүктелген мақсаттарды орындау үшін атқарушы билік органдарынан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан және барлық меншік нысанындағы басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерден ақпаратты сұратады және алады;

      3) өз құзыретінің мәселелері бойынша кеңестер, конференциялар, семинарлар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

      4) Меңдіқара ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және, оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;

      5) бірінші қол қою құқығына ие;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      7) Бөлім қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      8) Бөлім қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады