Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 584 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1.  Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары бекітілсін.

      2.  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ю. Ильин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 584 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесінің техникалық құралдары тиесілілігінің заттай нормалары

№ 1 норма. Құлақтандырудың техникалық құралдары кешендерінің тиесілілігі

Р/с №

Норманың атауы

Өлшем бірлігі

Республикалық деңгей

Астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары

Облыстық бағыныстағы қалалар, аудан орталықтары

Кенттер, ауылдар

Объектілік деңгей (жергілікті құлақтандыру жүйесі)

Қызмет мерзімі

1

Құлақтандыру жүйесін басқару пульті (халықты құлақтандырудың соңғы құралдарын іске қосу және мониторингілеу аппаратурасы)

жиынтық

2

3

2

1

1

12 жыл

2

Теле-, радиохабарларды қармаудың техникалық құралдарының кешені

жиынтық

1

1

1



12 жыл

3

Абоненттерді циркулярлық шақырудың аппараттық-бағдарламалық кешені

жиынтық

2

3

2

1


12 жыл

4

GSM арналары бойынша CellBroadcast технологиясы арқылы тарату ауқымы кең мәтіндік хабарламаларды тарататын техникалық құралдар кешені

жиынтық

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін әрбір ұялы байланыс операторына 1 жиынтық

7 жыл

      Құлақтандырудың техникалық құралдары кешендері талап етілетін көлемдерінің ұсынылған есептеулері үлгілік болып табылады және қолданылатын жабдықты өндірушілердің модельдеріне, қосу схемаларына және басқару тәсілдеріне тәуелді емес.

№ 2 норма. Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының тиесілілігі

Р/с №

Әкімшілік-аумақтық құрылыс

Өлшем бірлігі

Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының нормативтік тиесілілігі

Қызмет мерзімі

1

Қалалық көп қабатты құрылыс (9 қабат және одан жоғары)

жиынтық

500 м радиуста құлақтандыру үшін (ауданы 0,8 км²) 1 сиреналық-сөйлеу құрылғысы

12 жыл

2

Қалалық орта қабатты құрылыс (5-тен 9 қабатқа дейін)

жиынтық

800 м радиуста құлақтандыру үшін (ауданы 2 км²) 1 сиреналық-сөйлеу құрылғысы

12 жыл

3

Қалалық аз қабатты және ауылдық құрылыс (1-3 қабатты үйлер, 5 қабатқа дейін)

жиынтық

1300 м радиуста құлақтандыру үшін (ауданы 5,3 км²) 1 сиреналық-сөйлеу құрылғысы

12 жыл

      Халықты құлақтандырудың соңғы құрылғыларының талап етілетін көлемдерінің есептеулері (қуаты 600 Вт–тан кем емес) үлгілік болып табылады және қолданылатын жабдықтың өндірушісінің моделіне, қосу схемаларына және басқару тәсілдеріне тәуелді емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады