Жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 60 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына және 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Ленин кенті Павлодар қаласы орналасқан жалпы алаңы 0,0358 гектар, кәбілді кәрізді тарту және пайдалану үшін жер телімдеріне 10 он жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімін орындалуын бақылау Ленин кенті әкімінің орынбасары М. С. Дюсембековаға жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ленин кентінің әкімі М. Алшимбаева

  Павлодар қаласы
Ленин кенті әкімінің
2021 жылғы "29" қарашадағы
№ 60 шешім қосымша

Кәбілді кәрізді тарту және пайдалану мақсатындағы қаумдық сервитут белгіленетін жер телімдерінің тізбесі

р/с

Жер телімінің орналасқан жері

Көлемі,
гектар

1

Ленин кенті, Желтоқсан көшесі, № 7055 құдық

0,0028
0,0233

2

Ленин кенті, Ақжол- Надирова көшесі, № 7029 тіректен - № 4713 тірекке дейін

0,0006
0,0028

3

Ленин кенті, Маметова көшесі, № 727 құдық -№ 4712 тірек

0,0004
0,0021

4

Ленин кенті, Сарыарка көшесі, № 4718 тіректен- № 4719 тірекке дейін

0,0038


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады