Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы "Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" № 180/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.";
4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) ауылдық округ, кент әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ, кент әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ, кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.
Ауылдық округ, кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде аудандық мәслихатының қарауына беріледі.";
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ, кент әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Қасен |