"ATLAS & Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін (қатты пайдалы қазбаларды барлауға) жер учаскесiне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 209/8 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ATLAS & Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін (қатты пайдалы қазбаларды барлауға), Семей сынақ ядролық полигонының аумағында орналасқан жер учаскесіне меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 6 (алты) жыл мерзімге осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Май ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы нормативтік құқықтық актіні ресми жарияланғаннан кейін Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі М. Ақтаев

  Май ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы "27 " тамыздағы
  № 209/8 қаулысына
  қосымша

Семей сынақ ядролық полигонының аумағында орналасқан жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы алаңы (гектар)

Ауыл шаруашылық алқаптарының алаңы (гектар)

Соның ішінде, жайылым (гектар)

пайдалану мерзімі (жыл)

Семей сынақ ядролық полигонының аумағы

650,0

650,0

650,0

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады