"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (аудандық және аудандық маңызы бар қалаларының) аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 122-НҚ бұйрығы.

      "Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 534 Жарлығына және "Түркістан қаласының әуежайына әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге рұқсат ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 79 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (аудандық және аудандық маңызы бар қалаларының) аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай толықтыру енгізілсін:

      "1. Қоса беріліп отырған" деген тармақта:

      232) тармақшада "бекітілсін" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

      "233) осы бұйрыққа 233-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сауран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде:

      1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Есмағамбетова

  Қазақстан Республикасының
  Денсаулық сақтау министрлігі
  Санитариялық-эпидемиологиялық
  бақылау комитеті
  төрағасының
2021 жылғы 7 қыркүйектегі
  № 122-НҚ бұйрығына
  233-қосымша

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) тиісті аумақта құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау және қадағалау, сондай-ақ техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау салаларындағы (бұдан әрі реттелетін сала) басшылықты және мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарманың, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделетін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – индексі 161221, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, Шәуітбайұлы Ыбырай көшесі, № 1 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттері:

      1) реттелетін салада реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      2) тиісті аумақтағы реттелетін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      3) Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.

      14. Басқарманың функциялары:

      1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады;

      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды қамтамасыз ету;

      6) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу;

      7) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;

      8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      9) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастыру;

      10) тамақтан уланулар, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде өз құзыретінің шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      11) реттелетін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру, мониторингтеу, рұқсат беру құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан айыру (кері қайтару);

      12) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық ауруларды қоздырғыштардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық екпелер жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;

      14) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды (оның бір бөлігін) айқындау;

      15) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттерді құру;

      16) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      17) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 24-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;

      18) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын радиациялық бақылауды жүзеге асыру;

      19) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      20) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      21) нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өнімнің сынамаларын алу;

      22) микронутриенттік жеткіліксіздікке байланысты инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде йод тапшылығы және темір тапшылығы ауруларының профилактикасы саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

      23) медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату тәртібін реттеуді жүзеге асыру;

      24) медициналық қалдықтардың айналысына бақылауды жүзеге асыру;

      25) инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

      26) тиісті аумақта құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру жүргізудің жарты жылдық кестелерін әзірлеу;

      27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      15. Құқықтар мен міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелер бойынша ақпарат сұрату және алу;

      2) жеке және заңды тұлғалар Басқарманың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;

      3) реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

      4) өз құзыретінің шегінде консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын (жұмыс топтарын) құру;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;

      7) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады/болмайды.

      19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындайды, сондай-ақ олардың лауазымдық нұсқаулықтарын Департаменттің басшысына бекітуге жібереді;

      2) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады