Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына сәйкес, Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу Тәртібі бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі |
В. Лукин |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы "27" желтоқсандағы | |
№ 317 қаулысына | |
қосымша |
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
3-тарау. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемін айқындау
3. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
1-параграф. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
5. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңде тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
6. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.
7. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
8. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу Бюджет кодексінің 56-1-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық топтар бөлінісінде жүргізіледі.
2-параграф. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
9. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады.
Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.
Аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындар көлеміне алдындағы үш жылдың ағымдағы шығындар көлеміне орташа арифметикалық пайыздық қатынас ретінде белгіленеді.
3-параграф. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу
10. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындар көлеміне алдындағы үш жылдың ағымдағы шығындар көлеміне орташа арифметикалық пайыздық қатынас ретінде белгіленеді.