Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына және 71-1 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шардара-кум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 9 қыркүйек 2026 жылғы мерзімге дейін жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (М.Исаев) жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Таженовке жүктелсін.
Аудан әкімі | К.Жолдыбай |
Шардара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "23" маусымдағы № 185 қаулысына қосымша |
Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут белгіленетін жер учаскелері
№ | Жер пайдалану шылар атауы | жария серви туттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде: | |||||
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | оның ішінде: | |||||||
егістік | оның ішінде: | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | ||||
суармалы егістік | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Қоссейіт ауылдық округі | 258 | 254,26 | 179,87 | 179,87 | - | - | 74,39 |
кестенің жалғасы
елдi мекендердiң жерi | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | орман қорының жері | су қорының жерi | босалқы жер |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| 1,8707 | - | - | 2,4 | 0,1854 |