Шардара аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 2-13-VІI "Шардара ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамндарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдем ақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 11-63-VII шешiмi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген "Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" тізбесіне сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шардара аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 2-13-VІI "Шардара ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамндарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдем ақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6081 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешімінің орыс тіліндегі мәтінінің тақырыбы мына төмендегіше жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      "Шардара ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамaндарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдем ақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы"

      Көрсетілген шешімнің мен бірінші тармақтың бірінші бөлігі мына төмендегіше жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      "Шардара ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 56 бабы 12 тармағының талаптарын сақтай отырып,2021 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:"

      2 тармақтың 1 және 2 тармақшалары алынып тасталсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат хатшысы А. Қарсыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады