Алтай ауданының Малеевск ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/15-VII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01 2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13- баптарына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алтай ауданының Малеевск ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

  Алтай
ауданының мәслихатының
2022 жылғы 21 қазандағы
№ 23/6-VII шешіміне қосымша

Алтай ауданының Малеевск ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 21.10.2022 № 23/6-VII шешімімен.

      Осы Алтай ауданының Малеевск ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жайылымдар туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленеді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөп қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу үрдісін болдырмау мақсатында қабылданады.

      Жоспар:

      1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Малеевск ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1- қосымша);

      2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2- қосымша);

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын ( 3- қосымша);

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4 -қосымша);

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5- қосымша);

      6) Малеевск ауылдық округінде орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6- қосымша);

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графиті (7- қосымша);

      7-1) жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген карта (7-1- қосымша) құрайды

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп – қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Малеевск ауылдық округінде әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша 6 елді мекен бар.

      Малеевск ауылдық округі аумағының жалпы ауданы 30705 га, оның ішінде егістіктер – 4226 га, жайылымдық жерлер – 16939 га.

      Санаттар бойынша жер мыналарға бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 10172 га;

      елді мекендер жерлері – 7211 га;

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі қажеттілігі үшін, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер – 18 га;

      босалқы жерлер - 13304 га.

      Табиғи жағдайлары бойынша Малеевск ауылдық округінің аумағы таулы-шалғынды-дала егіншілік аймағына жатады. Климаты қатал және ұзақ қыста, қысқа және ыстық жазда, тез көктем мен күзде күрт континенталды. Ауаның орташа температурасы –1,6 градус. Жауын-шашын жылына орта есеппен 500-560 мм жауады, олардың ең көп саны маусым, шілде айларында болады.

      Топырақ негізінен таулы қара топырақ, сілтіленген және таулы далалы.

      Малеевск ауылдық округінің аумағында ветеринарлық пункт бар.

      2021 жылдың 1 қаңтарына Малеевск ауылдық округінде ірі қара мал 1246 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 548 бас, ұсақ мал басы 441, жылқылар басы 621 (№ 1 кесте) есептелген:

      Малеевск ауылында:

      ірі қара мал 409 бас, соның ішінде аналық (сауын) мал басы 149 бас, ұсақ мал 167 бас, жылқылар – 78 бас.

      Жайылымдар ауданы 679 га құрайды.

      Путинцево ауылында:

      ірі қара мал 216 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 86 бас, ұсақ мал 69 бас, жылқылар – 45 бас.

      Жайылымдар ауданы 2167 га құрайды.

      Быково ауылында:

      ірі қара мал 410 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 197 бас, ұсақ мал 86 бас, жылқылар – 186 бас.

      Жайылымдар ауданы 1260 га құрайды.

      Богатырево ауылында:

      ірі қара мал 101 бас, соның ішінде аналық (сауын) мал басы 49 бас, ұсақ мал 9 бас, жылқылар – 5 бас.

      Жайылымдар ауданы 1304 га құрайды.

      Ново-Калиновск ауылында:

      ірі қара мал 98 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 61 бас, ұсақ мал 110 бас, жылқылар – 116 бас.

      Жайылымдар ауданы 167 га құрайды.

      Ландман ауылында:

      ірі қара мал 12 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 6 бас, ұсақ мал басы жоқ, жылқылар – 2 бас.

      Жайылымдар ауданы 268 га құрайды.

Малеевск ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректер

  № 1 кесте

     №

Елді мекендер

Халық

Ауыл шаруашылығы құрылымдары

Барлығы:

Ірі қара мал

ұсақ мал

жылқылар

Ірі қара мал

ұсақ мал

жылқылар

Ірі қара мал

ұсақ мал

жылқылар

барлығы

Соның ішінде сауын

барлығы

Соның ішінде сауын

барлығы

Соның ішінде сауын

1

Малеевск ауылы

219

69

167

50

190

80

0

28

409

149

167

78

2

Путинцево ауылы

216

86

69

45

21

9

308

182

237

95

377

227

3

Быково ауылы

341

165

86

138

69

32

0

48

410

197

86

186

4

Богатырево ауылы

66

30

9

4

35

19

0

1

101

49

9

5

5

Ново-Калиновск ауылы

77

50

103

97

45

27

7

35

122

77

110

132

6

Ландман ауылы

12

6

0

2

0

0

0

0

12

6

0

2


Барлығы :

931

406

434

336

360

167

315

294

1291

573

749

630

      Малеевск ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдармен қамтамасыз ету үшін жалпы 16939 га жайылымдық алаптар бар, елді мекендер шегінде 5845 га есептелген.

      Жоғарыда айтылғандар негізінде, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 15-бабына сәйкес, жергілікті халықтың мұқтажы үшін (Малеевск ауылы, Путинцево ауылы, Быково ауылы, Богатырево ауылы, Ново-Калиновск ауылы, Ландман ауылы) аналық (сауын) ауыл шаруашылығы жануарларының басын ұстау бойынша елді мекендерде бар жайылымдық алаптар мөлшерінде 5845 га, қажеттілік 1505 га (№ 2 кесте) құрайды.

  № 2 кесте

    №

Елді мекендер

Жайылымдар ауданы, (га)

Сауын сиырлардың болуы (бас)

Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)

Жайылымдар қажеттілігі, (га)

Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген (га)

Артылғаны, (га)

1

Малеевск ауылы

679

69

3

207

-

472

2

Путинцево ауылы

2167

86

3

258

-

1909

3

Быково ауылы

1260

165

4

660

-

600

4

Богатырево ауылы

1304

30

5

150

-

1154

5

Ново-Калиновск ауылы

167

50

4

200

33

0

6

Ландман ауылы

268

6

5

30

-

238


Барлығы :

5845

406


1505

33

4373

      Басқа да жергілікті ауыл шаруашылығы жануарларын мал басына түсетін жүктеме нормасында жаю: ірі қара мал – 3 га, ұсақ мал – 0,5 га, жылқы – 5 га, сондай-ақ елді мекендер шегінде жүргізіледі (№3 кесте).

  №3 кесте

     №

Елді мекендер

Халық

Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)

Жайылымдар қажеттілігі,(га)

Ірі қара мал

ұсақ мал

Жылқылар

Ірі қара мал

ұсақ мал

Жылқылар

Ірі қара мал

ұсақ мал

жылқылар

Барлығы (га)

1

Малеевск ауылы

150

167

50

3

0,5

5

450

84

250

784

2

Путинцево ауылы

130

69

45

3

0,5

5

390

35

225

650

3

Быково ауылы

176

86

138

3

0,5

5

528

43

690

1261

4

Богатырево ауылы

36

9

4

3

0,5

5

108

5

20

133

5

Ново-Калиновск ауылы

27

103

97

3

0,5

5

81

27

485

593

6

Ландман ауылы

6

0

2

3

0,5

5

18

0

10

28


Барлығы :

525

434

336




1575

194

1680

3449

      Малеевск ауылының жергілікті халқының малын жаю үшін 3 табын ұйымдастырылған:1– табын – Малеевск ауылынан батысқа қарай, суат – Березовка жылғасы, 2– табын – "Малина" шатқалында, суат – бұлақтар; 3 –табын – Малеевск ауылынан оңтүстік-шығысына қарай 2-3 км, суат – бұлақтар.

      Путинцево ауылы халқының малын жаю үшін табын ұйымдастырылған – Путинцево ауылынан солтүстікке қарай, суат – Путинцево – Бобровка технологиялық жолының ("Зырян орман шаруашылығы" КММ орман тәлімбағынан солтүстік-батысқа қарай 500 м) жанындағы бұлақ.

      Быково ауылы халқының малын жаю үшін 2 табын ұйымдастырылған: 1– табын – Быково ауылынан солтүстікке қарай, суат – Бұқтырма өзені; 2– табын – Быково ауылынан оңтүстікке қарай, суат – Мельничный бұлағы, бұлақтар.

      Богатырево ауылы халқының малын жаю үшін 2 табын ұйымдастырылған: 1– табын – Богатырево ауылынан оңтүстік-шығысына қарай, суат- Поперечный жылғасы; 2– табын – Богатырево ауылынан оңтүстік-батысына қарай, суат – бұлақтар.

      Ново-Калиновск ауылы халқының малын жаю үшін 1 табын ұйымдастырылған – Ново-Калиновск ауылынан солтүстік-шығысына қарай, суат- Хамир өзенінің тармағы.

      Ландман ауылы халқының малын жаю үшін 1 табын ұйымдастырылған – Ландман ауылынан солтүстік-шығысына қарай, суат- Черкашин жылғасы.

      Малеевск ауылдық округінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі- ЖШС), шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 339 басты, ұсақ мал 7 басты, жылқылар 112 басты құрайды.

      ЖШС, шаруа және фермер шаруашылықтарындағы жайылымдар ауданы 30415 гектар құрайды (№ 4 кесте).

  № 4 кесте

     №

Жер пайдаланушылар

Ауданы (га)

Түрі бойынша малдың бары, (бас)

Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)

Жайылымдар қажеттілігі,(га)

Ірі қара мал

ұсақ мал

Жылқылар, маралдар

Ірі қара мал

ұсақ мал

Жылқылар, маралдар

Ірі қара мал

ұсақ мал

Жылқылар, маралдар

Барлығы (га)

1

"Марал-Сервис" ЖШС

967

0

0

109

3

0,5

5

0

0

545

545

2

"Зыбер" ЖШС

394


0


3

0,5

5

0

0

0

0

3

"Крестьянка" ЖШС

1390


0


3

0,5

5

0

0

0

0

4

"Лариха" ЖШС

44

34

7

24

3

0,5

5

102

4

120

226

5

"Пант" шаруа қожалығы

100

0

0

14

3

0,5

5

0

0

70

70

6

"Романенко В.В." шаруа қожалығы

82

0

0

2

3

0,5

5

0

0

10

10

7

"Плужников А.А." шаруа қожалығы

29

27

0

0

3

0,5

5

81

0

0

81

8

"Богатырь" шаруа қожалығы

14

6

0

0

3

0,5

5

18

0

0

18

9

"Маусумбаев К.К." шаруа қожалығы

129

35

0

1

3

0,5

5

105

0

5

110

10

"Святлячок" жай серіктестігі

61


0


3

0,5

5

0

0

0

0

11

"Алау" шаруа қожалығы

538

190

0

28

3

0,5

5

570

0

140

710

12

"Лад" жай серіктестік

299


0


3

0,5

5

0

0

0

0

13

"Данияр" жай серіктестігі

93


0


3

0,5

5

0

11

0

11

14

"Бөжек Қастер" шаруа қожалығы

9

11

0

11

3

0,5

5

33

9

55

97

15

"Каирканов Е.М." шаруа қожалығы

72


0


3

0,5

5

0

33

0

33

16

"Людмила" шаруа қожалығы

19

21

308

182

3

0,5

5

63

34

910

1007

17

"Блинов И.Б" шаруа қожалығы

12

36

0

32

3

0,5

5

108

74

160

342


Барлығы:

4252

360

315

403




1080

165

2015

3260

      "Лариха" ЖШС 182 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардағы қалыптасқан қажеттілікті Ю.О.Снегиреваға, "Плужников А.А.", "Блинов И.Б." шаруа қожалықтарына берілген жерлерден 382 га мөлшерінде Быково ауылының жерлерін толықтыру қажет, "Алау" шаруа қожалығына 172 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардағы қажеттілікті Богатырево ауылының жерлерінен жайылымдық алқаптарының мөлшері 172 га қажеттілікті Богатырево ауылының жерлерінен, "Бөжек Қастер" шаруа қожалықтарына қажетті 88 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптарды босалқы жерлерден, "Людмила" шаруа қожалығына қажетті 988 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптарды Л.В.Коротковаға берілген жерлерден және босалқы жерлерден толықтыру қажет.

  Алтай ауданының Малеевск
ауылдық округінде жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
1- қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Малеевск ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

     


Шарты белгілері:

     


  Алтай ауданының Малеевск
ауылдық округінде жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
2- қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

      Бір табын үшін төрт танапты жайылым айналымының схемасы (табындар)

жыл

телімдер

1

2

3

4

2022

(К-Ж-К)

(К-Ж-К)

(К-Ж-К)

демалыс

2023

(К-Ж-К)

(К-Ж-К)

демалыс

(К-Ж-К)






(К-Ж-К) көктем- жаз- күз

  Алтай ауданының Малеевск
ауылдық округінде жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
3- қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

     


Шартты белгілері:

     


  Алтай ауданының Малеевск
ауылдық округінде жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
4- қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

     


Шартты белгілері

     


  Алтай ауданының Малеевск
ауылдық округінде жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
5 -қосымша

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

     


Шартты белгілері:

     


  Алтай ауданының Малеевск
ауылдық округінде жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
6 -қосымша

Малеевск ауылдық округі маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

     


Шартты белгілері:

     


  Алтай ауданының Малеевск
ауылдық округінде жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
7- қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Ауылдық округ

Шалғайдағы жайылымдарға жануарларды айдау мерзімі

Шалғайдағы жайылымдардан жануарларды қайтару мерзімі

Малеевск

сәуір-мамыр

қыркүйек-қазан

  Алтай ауданының Малеевск
ауылдық округінде жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
бойынша 2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
7-1- қосымша

Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы

     


Шарты белгілері:

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады