"Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 192 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларында:

      "Аэроұтқыр әскерлерiне арналған азық үлесі" деген 5-нормада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-норма Десанттық-шабуылдау әскерлерiне арналған азық үлесі";

      "Жас ұлан" республикалық мектебi 9-11-сыныптарының оқушыларына арналған азық үлесі" деген 8-нормада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-норма "Жас ұлан" республикалық мектебi 9-11-сыныбы оқушыларына және әскери оқу орны ұландарына арналған азық үлесі";

      Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      1. Осы норма бойынша мемлекет есебінен "Жас ұлан" республикалық мектебінің оқушылары және әскери оқу орнының ұландары жабдықталады.

      2. "Жас ұлан" республикалық мектебінің оқушылары және әскери оқу орнының ұландары әскери бөлімде практикадан өту кезеңінде осы әскери бөлімнің мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін көзделген нормалар бойынша азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.";

      "Арнайы әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушілерiне арналған азық үлесі" деген 16-нормада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-норма Әскери оқу орнының кадеттеріне арналған азық үлесі";

      Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      1. Осы норма бойынша мемлекет есебінен әскери оқу орнында білім алатын әскери қызметшілер (кадеттер) мен оқуға түсу емтихандарын тапсыруға келген және казармалық жағдайда тұратын кандидаттар келген күннен бастап жабдықталады.

      2. Әскери оқу орнында білім алатын әскери қызметшілер (кадеттер) әскери бөлімде және корабльде практикадан өту кезеңінде осы әскери бөлімнің мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін көзделген нормалар бойынша азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.";

      "Жалпыәскери жеке тамақтандыру рационы" деген 17-нормаға ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      1. Осы норма бойынша мемлекет есебінен мыналар жабдықталады:

      1) әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, төтенше жағдайда, қарулы жанжал кезінде, бітімгершілік операцияда;

      2) әскери және арнайы жүкті (әскери эшелонды) күзету, қорғау және олармен бірге жүру үшін қарауыл (команда) құрамына тағайындалған әскери қызметшілер – оларды жеткізу кезінде және осы жүкті қабылдау орнына барған және оларды тапсырғаннан кейін кері қайтқан жолда;

      3) мерзімді қызмет әскери қызметшілері мен әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттары – олар демалысқа, іссапарға, жаңа қызмет орнына, запасқа шығарылғандар тұрғылықты жеріне дейін жол жүргенде;

      4) мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар, жиынға (тағылымдамаға) шақырылған әскери міндеттілер мен әскери даярлықтан өтетін студенттер – жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру, жиыннан (тағылымдамадан) өтетін жеріне бару туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап;

      5) әскери оқу орнына оқуға түсу үшін әскери жиынға жіберілетін мерзімді қызмет әскери қызметшілері, сондай-ақ әскерге шақырушылар оқуға қабылданғанға дейін және қабылдаудан бас тартқан жағдайда әскери оқу орнынан тұрғылықты жеріне жеткенге дейін жол жүру үшін қажетті кезеңде;

      6) әскери қызметшілер – жаңарту жоспарына сәйкес айқындалған кезеңде негізгі азық үлесінің азық-түлігінен ыстық тағаммен алмастыра отырып, стационарлық жағдайда (асханада, тамақтану орнында).

      2. Осы рацион бойынша үздіксіз тамақтандыру жеті тәуліктен аспауға тиіс.

      3. Жауынгерлік және оларға теңестірілген іс-қимыл (шекаралық операцияны, іздеу, қатер төнетін бағытта Мемлекеттік шекараның күзетін күшейтуге күштерді тарту, жауынгерлік кезекшілік атқару) кезінде үш тәуліктен асатын мерзімге тұрақты орналасқан жерінен кеткен жағдайда шағын командалар үшін қосымша 1 жиынтық портативті қыздырғышпен, 1 дана консервіні және қорапты ашқышпен, 6 дана желде, суда сөнбейтін сіріңкемен, 3 дана қағаз майлықпен, 6 дана суды зарарсыздандыруға арналған құралмен, 3 дана пластмассадан жасалған қасықпен жабдықталады.";

      "Аэроұтқыр әскерлеріне арналған жеке тамақтандыру рационы" деген 18-норма:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-норма Десанттық-шабуылдау әскерiне арналған жеке тамақтандыру рационы";

      Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      1. Осы норма бойынша мемлекет есебінен мыналар жабдықталады:

      1) 5-норма бойынша жабдықталатын әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, төтенше жағдайда, қарулы жанжал кезінде, бітімгершілік операцияда;

      2) десанттық және барлау бөлімшелерінің, теңіз жаяу әскері, арнайы мақсаттағы бөлiмшелердің мерзімді қызмет әскери қызметшілері – жол жүргенде;

      3) 4-норма бойынша тегін тамақтанумен қамтамасыз етілуге құқығы бар әскери қызметшілер, 1500 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан әскери бөлімдер мен бөлімшелерде тағылымдамадан (практикадан) өтетін курсанттар, сондай-ақ осы бөлімдерге, бөлімшелерге іссапарға келген әскери қызметшілер – негізгі үлес азық-түлігінен ыстық тамақ дайындау мүмкін болмағанда;

      4) әскери қызметшілер – жаңарту жоспарына сәйкес айқындалған кезеңде негізгі азық үлесінің азық-түлігінен ыстық тағаммен алмастыра отырып, стационарлық жағдайда (асханада, тамақтану орнында).

      2. Осы рацион бойынша үзбей тамақтандыру жеті тәуліктен аспауға тиіс.

      3. Жауынгерлiк және оларға теңестірілген іс-қимыл (шекаралық операцияны, iздеу, қатер төнетін бағытта Мемлекеттiк шекараның күзетiн күшейтуге күштердi тарту, жауынгерлiк кезекшілік атқару) кезінде үш тәулiктен асатын мерзімге тұрақты орналасқан жерiнен кеткен жағдайда шағын командалар үшін қосымша 1 жиынтық портативті қыздырғышпен, 1 дана консервіні және қорапты ашқышпен, 6 дана желде, суда сөнбейтін сіріңкемен, 3 дана қағаз майлықпен, 6 дана суды зарарсыздандыруға арналған құралмен, 3 дана пластмассадан жасалған қасықпен жабдықталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) деректемелер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант
Р. Жақсылықов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
________________________________
20__жылғы "_____"_____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады