Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақтың сақталуына байланысты лауазымдарға кандидаттарды психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер үшін полиграфологиялық жабдықпен жабдықтау нормасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 452 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақтың сақталуына байланысты лауазымдарға кандидаттарды психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер үшін полиграфологиялық жабдықпен жабдықтау нормасын бекіту туралы

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақтың сақталуына байланысты лауазымдарға кандидаттарды психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер үшін полиграфологиялық жабдықпен жабдықтау нормасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2022 жылғы "_29_"__07___

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы "_22_" _06__
№ _452_ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақтың сақталуына байланысты лауазымдарға кандидаттарды психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер үшін полиграфологиялық жабдықпен жабдықтау нормасы

Р/с

Заттай норманың атауы

Өлшем
бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Заттай норманың
қолданылу саласы

Таралу саласы

Айқындауды және қолдануды нақтылайтын сипаттамалар

1.

Кәсіби
компьютерлік полиграф

жиынтық

1

4 жыл

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақтың сақталуына байланысты лауазымдарға кандидаттарды психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеу үшін.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында қару-жарақтың сақталуына байланысты лауазымдарға кандидаттарға психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемесі.

Мамандандырылған креслода (жиынтықта бар) орналасқан респонденттің (зерттелетін адамның) оған вербалды және визуалды қойылған стимулдарға (сұрақтарға) жауап ретіндегі психофизиологиялық реакциялары динамикасын тіркеу үшін арналған. Адамның физиологиялық белсенділігі көрсеткіштері (тыныс алу, жүрек-тамыр жүйесі, терінің электрлік белсенділігі, қозғалыс белсенділігі) датчиктер (жиынтықта бар) арқылы электр сигналдарына аударылады және ноутбук (жиынтықта бар) мониторында полиграмма түрінде көрсетіледі, бұл ретте микрофон мен Web-камераның (жиынтықта бар) көмегімен аудио және бейне сигналдардың жазбалары полиграммамен ілеспе түрде тіркеледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады