Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Лесной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Михайловка ауылы, Лесной ауылдық округі, Михайловка ауылы жерлерінде жалпы алаңы 9,12 гектар "Ecil-Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймай, 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін, оның ішінде жайылымдар 5,97 гектар, басқалары 3,15 гектар.

      2. "Ecil-Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне автожолды жобалау және салу мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Н.Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады