Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 02 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес,

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылы және Төңкеріс станциясында орналасқан "SilkNetCom"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 3,6147 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бозайғыр ауылдық округінің әкімі Б.Шаймұрат


  Шортанды ауданы
Бозайғыр ауылдық округі
әкімінің 2022 жылғы 22 ақпандағы
№ 02 шешіміне
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінде орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар

Жер санаты

1

Бозайғыр ауылы

1,3572

Елді мекен жерлері

2

Төңкеріс станциясы

2,2575

Елді мекен жерлері

3

Барлығы

3,6147



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады